Сейсенбі, 7 Мамыр 2024
46 - сөз 4799 11 пікір 16 Қыркүйек, 2018 сағат 18:40

Сонда білді Қазақстанды...

Былтыр жол түсіп Қытайдың Шиән (ресми тілділер үшін - Сиань) қаласына барғанбыз. Кешкісін сам жамыраған соң сондағы жолбастаушы Диң деген жарықтық Шиәннің орталық алаңына бастап барды.

Сол арада кешкісін шал-кемпірлері жиналып арнайы жаттықтырушымен бірге билейді екен. Біз тамашалаушымыз. Біз сияқтылардың арасынан бірер еуропанәсілдестер де бар екен. Олар менен бе, мен олардан ба (менің ағылшыншам бес-алты ауыздан аспағандықтан бұл жағы күмәнді) жөн сұрастық. Мен Қазақстаннан екенімді айттым. Олар білмеген соң (сауатсыз америкалықтар десе) "шығысында - Қытай, солтүстүгінде - Ресей бар", - деп түсіндіргенімде, ана жазғандар: "о, иес, Пакистан!", - дегені бар емес пе! Ойбай, сығыр, қай бетімді айтайын? Сосын әлем біледі-ау деген қазақстандық тұлғаларды һәм шараларды тілім жеткенше тәпсірледім. Жоқ, дым білмейді. Ең соңында қайдан есіме түскенін "триппл джи", - дедім. Сонда барып: "о, иес. Головкин" десе бола ма! Сонда білді Қазақстанды.

Демек бір өзі бүкіл елді танытып отыр деген сөз. Бүгінде сол жігіт алғаш рет жеңілді. Жеңілді дегенде де ұпай санымен. Ал, кәсіпқой бокста рингті иіскетіп шөкесінен түсірмеген жеңіс жеңіске есеп емес. Ал, ұпай саны жарыс шарты үшін ғана керек.

36-ға 1 дегеннің өзін елемеуге болады.

Досым Зікірияның Facebook-тегі парақшасынан

Abai.kz

11 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1624
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1539
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1281
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1244