Сейсенбі, 30 Сәуір 2024
Жазылған жайдың жалғасы... 3981 2 пікір 5 Қыркүйек, 2018 сағат 10:39

Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығының басшысына жауап!

Өткенде Abai.kz ақпараттық порталында Қарағанды облысына қарасты Теміртау қаласындағы Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығының басшысы С.Саргизоваға қатысты мақала жарияланған еді. Оған орталық басшысының "Мұражай басшысы қызметкерін ұрып, жұмыстан шығарып жіберді" деген сөз - жалған!" атты қарсы мақаласын да жарияладық. Бүгін Г.Ақпанбекова орталық басшысына арнап жауап жазып отыр. Біз екі жақтың да тізгінін тең ұстайтынымызды ескерте отырып, бұл мақаланы да оқырман назарына ұсынуды жөн санадық. 

Abai.kz ақпараттық порталы

Құрметті Саида Жамантайқызы!

Сізге берер жауабымды қысқа әрі нұсқа бергім келіп отыр. Негізі нақты құжаттарға сүйенсем.

Сіз осы бір жыл бойы ұжымның берекесін алып біттіңіз. Оны өзіңізде жақсы білетін шығарсыз. Қызметкерлердің уақытын ештеңеге тұрғысыз ұрыс-керіске куә қылдырып, ол аздай әлі күнге дейін көпшілігі Сізге көмектесуге мәжбүр. Мен тарапымнан қазақ тілінде жазылған шағымдарды аударып береді, себебі қазақша дұрыс түсінбейсіз,  жауап жазу үшін, сотқа қатысу үшін, полицияға бару үшін, менің тарапымнан  түскен шағымдарды қайтып алу үшін  - мекеме заңгерінің (бүгінгі күні жұмыстан өз еркімен кеткен), орынбасарының, келісім комиссиясы мүшелерінің қанша уақыттары кетіп жатыр. Сіз соны ойлайсыз ба?  Жұмыстан өз еркімен кетіп жатқан қызметкерлер Сіздің бітпейтін дау-дамайыңыздан шаршады деп ойламайсыз ба?

2017 жылдың 31 қазанында жұмыста болған жоқ деп «жұмыстан босату туралы» бұйрық шығарғанда сіз өзіңізге сенімді болсаңыз неге қайтадан алдыңыз? Неге сотты тоқтаттыңыз? Келісім комиссиясы тек Сіздің бұйрығыңызбен жүрді, не айттыңыз соны орындады. Оған дәлел -14.12.2017 жылғы Келісім комиссиясының шешімі. Қажет етсеңіз, оның құжаттары менде бар. Бұл жерде комиссия мүшелері менен барлық шағымдарды қайтып алып, жұмысқа қайтып шығуыма ұсыныс білдірді. Өз арамызда бейбіт келісім туралы әңгімелерден кейін, әрине мен келістім.  Осылайша мен жұмысқа шықтым. Әрбір көрменің басынан аяғына дейін өзім жүрдім. Оған дәлел жетеді. Мен үшін бұл мақтаныш емес. Керек десеңіз барлық құжаттар, фото-видео деректерді Abai.kz ақпараттық порталына жіберейін. Әрбір өз қолыммен атқарған жұмысыма мен жауап бере аламын. Мен басқа әріптестерімнің біліктілігіне құрметпен қараймын, және олардың жұмыстарын «мен істедім» деуден аулақпын. Әркім өз еңбегі үшін үкіметтен жалақы алып отыр.  Мұны мен сізге үнемі айтып келемін. Қызметкерлерді бір-біріне қарсы қойып ешқандай жетістікке жетпейсіз. Сіз мен жұмыс істеген барлық мекемелерге хабарласып мен туралы жаман пікір айтуларын өтінгеніңізді де жақсы білемін. Керек десеңіз оған да дәлел жетерлік. Сіздің осы ұсақ-түйек әңгімелеріңізге көңіл бөлмеуге тырыстым.

13.03.2018 жылы  мен денсаулығыма байланысты демалыста болғанда менің жұмыс орныма хат жазып қалдырдыңыз. Оны да жариялауыма болады. Оны басқа қызметкерлер оқыды. Сіздің қолыңызда, қор бөлімінің қызметкерінде, қарауылдарда, зал қараушылардың қолында «затты қабылдау актілерінің болғанын»  (қабылдадық деген қолдары қойылған акт көшірмелері менің қолымда бар) біле тұра менің үстеліме ескерту қалдырасыз. Яғни, сіз мен жұмыста болмасам да ұрыс-керіске апаратын іс-әрекеттер жасайсыз. Басшы болып барлық келеңсіздіктің алдын алудың орнына оны өзіңіз ұйымдастырасыз. Не үшін?

Наурыз мейрамына киіз-үй жабдықтарын іздеуге кетсем, жұмыста жоқ деп тағы да шу шығарып, менің айлығымнан мың теңге ұстап қаласыз. Тағы да маған хат жазасыз «Где экспонаты?» - деп. (ол хаттың да көшірмесі қолымда). Нәтижесінде наурыз мейрамында менің іздестіруіммен табылған киіз-үй жабдықтарының жанына суретке түсіп барлық жерге фото-есеп жібересіз. Осы ма сіздің қызметкердің еңбегін бағалағаныңыз?. Осыншама төмендейтіндей не болды сонша, маған соны айтыңызшы? Мен сізден сыйақы сұраған емеспін, тек ауызша алғыс білдірсеңіз, соның өзі жеткілікті ғой.

Енді қол көтерді деген тақырыпқа келейік. Тақырыпты таңдаған мен емес. Менің бір ауыз сөзіме бола сайттың қызметкерлері осылай қойған шығар. . 20.09.2018 жылы Сіздің өтінішіңізбен тағы да Келісім комиссиясы болды.

Себебі 13.04.2018 жылы мен жұмысқа уақытымен келдім. Сіз менің жұмыс кабинетіме бір сағатта он рет келдіңіз. Менен Сізге не керек екенін мен шынымды айтайын түсінбедім. Тек түсініксіз айғай-шу. Нәтижесінде кабинетіңізге шақырып қолыңыздағы блакнотпен  ұруға дейін бардыңыз. Мен тиісті орындарға шағым түсірдім. Атап айтсам Теміртау Шығыс Полиция бөліміне арыз жаздым. Сол күні кешке Сізде жанталасып маған қарама-қарсы шағым түсірдіңіз. Бірақ  Сіз әдеттегідей ұжымды жинап алып менен шағымды қайтып алуымды өтіндіңіз. Тағы да бейбіт келісімге келдік. Енді айтыңызшы Сіз өзіңізге сенімді болсаңыз, қол көтермегеніңізге, тәртіп бұзбағаныңызға  сенімді болсаңыз, не үшін мені, заңгер А.Нұртазинді, орынбасар  Р.Мұстафинді ертіп, өзіңіз алдыға түсіп Полиция бөліміне бардыңыз. Бәріміз  жұмысты тастап, Сізге еріп, Шығыс Полиция бөлімінде жүрдік. Мұны өтірік деп айта алмайсыз, себебі бізді сол жердің қызметкерлері қабылдады, өтініш тіркелді. Енді несіне мұндай болған жоқ деп байбалам салып отырсыз? Өз іс-әрекетіңізге толық сенімді болсаңыз несіне жалынып-жалпайып барлық ұжымды алдыға саласыз? Неге істі соңына дейін жеткізіп, сотта өзіңізді ақтап шықпадыңыз? Келісім комиссиясын, одан қалса мен сыйласатын адамдарды алдыға салып неге үнемі артқа шегініп кетесіз? (мұны да дәлелдейтін деректерім бар). Бұл жолы да жанталасып бәріміздің мазамызды алып, шағымды қайтарып алғыздыңыз. Саида ханым есіңізде болса  - сізден ұрыс-керісті доғаруды мен ғана емес, басқа қызметкерлер де өтінді, бір емес бірнеше рет.

Бір жыл болды, не өзіңізге маза бермейсіз, не әріптестеріңізге маза бермейсіз, не маған маза бермейсіз? Айтыңызшы не болды сонша? Бір жылда бір адамның тілін таба алмасаңыз, бір қызметкермен келісімге келе алмасаңыз, не үшін басшылықта отырсыз? Мақсатыңыз не? Жарайды мен кеттім жұмыстан, енді креслоңызда нық отырсыз ба?  Әркім өз арының алдында таза болуы керек. Мен айтсам адал атқарған еңбегімді айтам. Иә, мен өзімді сүттен ақпын демеймін. Кей кезде өз ойымды,  пікірімді дәлелдеу үшін қатты сөйлейтінім рас. Сіз шектен шығып кеткенде тиісті орындарға шағым түсірдім, менің қолымнан басқа не келеді?.  Бірақ ешкімнің ар-намысына, жеке басына  тиген емеспін.

Маған сізден ештеңе керек емес. Тек ойыма келгенді істеп жүре беремін деп ойламаңыз. Музей деген киелі орын. Кезекті еңбек демалысында жүрген адамды ешкімде жұмыстан шығармайды. Шығарсаңыз еңбек демалысы аяқталғаннан кейін шығару керек. Заң солай. Менің бар айтарым осы, қалғанын өзіңіз шешерсіз.

Құрметпен, Ғалия Ақпанбекова

Abai.kz

 

 

 

2 пікір