Дүйсенбі, 13 Мамыр 2024
3131 0 пікір 5 Қыркүйек, 2018 сағат 08:59

Ресей әуе күштері Идлиб провинциясына соққы жасады

Сейсенбі күні Ресей және Сирия ұшақтары Идлиб провинциясын, сонымен бірге Хама провинциясының солтүстік аудандарын әуеден соққылады. Сирияның қарулы оппозициясының мәліметі бойынша, Ресейдің үш әскери ұшағы бірнеше ондаған соққы жасаған.

Әуе соққысынан бірнеше сағат бұрын АҚШ президенті Дональд Трамп Сирияны, Ресейді және Иранды Идлиб провинциясына шабуылдаудың "ірі гуманитарлық қателік" екенін ескерткен. Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков бұл ескертуді назарға алмай, Идлиб провинциясын "терроризм ошағы" деп атаған.

Штабтар қолбасшыларының бірлескен комитетінің төрағасы Джозеф Данфорд Идлибке әскери шабуылға қарсы шығып, оның орнына дәлме-дәл контртеррористік операциялар жасауды ұсынған, деп хабарлады Reuters.​

Америкалық және еуропалық шенеуніктер Сирия үкіметінің Идлибті жаулап алу әскери операциясына қатысты алаңдаушылығын білдірді. АҚШ қорғаныс министрлігі Идлибте химиялық қару қолданған жағдайда Сирия үкіметіне жауап беретінін ескерткен. Пентагон Сириядағы нысандарды белгілеп қойды, деп хабарлады америкалық БАҚ.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1974
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2343
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1923
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1563