Дүйсенбі, 13 Мамыр 2024
3215 0 пікір 3 Қыркүйек, 2018 сағат 10:38

Грузияда НАТО күштерінің қатысуымен әскери оқулар өтіп жатыр

Грузияның "Сенаки" әскери базасында жексенбі күні Agile Spirit-2018 оқу-жаттығулары басталды. Он күнге созылатын оқуларға НАТО-ға мүше он елден әскер қатысып жатыр.

АҚШ, Болгария, Румыния, Латвия, Грекия, Украина, Түркия, Чехия, Эстония және Грузиядан барлығы 243 сарбаз қатысады. Оқулар 2008 жылы тамызда Ресей толықтай жойып жіберген әскери базада өтіп жатыр.

Бұған дейінгі Noble Partner-2018 әскери оқуларына тамыз айында аяқталған. Оған да НАТО-ның бірқатар елдерінің әскері қатысты.

Грузия қазір НАТО-мен интеграцияның үшінші кезеңінде. Әскери блоктың құрамына толық өту үшін әлі тағы бір кезең бар.

Оқуларды ашқан Грузия қорғаныс министрі грузин әскерінің қазіргі жағдайын "стратегиялық дайындық" деп сипаттады.

Agile Spirit оқулары Грузияда 2011 жылдан бері жыл сайын өтізіліп келеді. Өткен жылы оған жеті мемлекет қатысқан.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1968
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2323
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1903
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1562