Сенбі, 27 Сәуір 2024
46 - сөз 4688 1 пікір 28 Тамыз, 2018 сағат 10:37

Бірде-бір әкім өңірде зауыт, фабрика ашылып жатыр, маман тапшы деген жоқ

Алматыда қала бойынша орташа жалақы 205 мың теңге екен. Ал, жұмыспен қамту бойынша ұсынылған жұмыстың орташа айлығы 50 мың теңге.

Кейбір әкімдер жұмыспен қамту бағдарламасына халықтың құлықсыз екенін, тауып берген жұмысты істемей жатқанын да айтты. Мысалы Атырау облысында жалақы жоғары болғанына қарамастан жұмыссыздар анау-мынау жұмысқа бармай отыр екен.

Формальды емес жұмыспен қамтылған халықты формализациялау және оларды еліміздің экономикасына тарту жөніндегі жол картасын іске асыру барысы туралы өтіп жатқан жиналыста осындай дерек айтылды.

Бір қызығы, бірде бір әкім өңірде осындай зауыт, фабрика ашылып жатыр. Осыған маман тапшы болып жатыр деген жоқ.

Нұрғали Нұртай

Abai.kz

1 пікір