Дүйсенбі, 29 Сәуір 2024
Билік 4784 7 пікір 27 Тамыз, 2018 сағат 17:50

Бұрын болмаған бас қосу

Қарағандыда «Нұр Отан» партиясы бастауыш партия ұйымдарының бірінші аймақтық форумын өткізді.

«Нұр Отан» партиясын жаңғырту шеңберінде Қарағандыда 2018 жылдың 27 тамызында партия Хатшысы Тамара Қасымовна Дүйсенованың қатысуымен бастауыш партия ұйымдарының бірінші аймақтық форумы өтті.

Қарағандыда аймақты форумда ірі бастауыш партия ұйымдарының төрағалары мен Астана, Алматы қалаларының, Қостанай және Қарағанды облыстарындағы аумақтық филиалдар төрағаларының бірінші орынбасарлары, жалпы 250-ге жуық партиялық қатысты.

Форум жұмысы 4 секция бойынша жүрді. Бірінші секцияда партия Хатшысы Тамара Қасымовна Дүйсенованың қатысуымен бастауыш партия ұйымдарын белсенді ету тұжырымдамасы талқыланды. Қатысушыларға партияның барлық қызметін цифрландыруға, партия мүшелерінің бірыңғай базасын құрып, құжат айналымын азайтуға және партия қызметінің тиімділігін арттыруға бағытталған «Сандық партия» жобасымен таныстырылды. Екінші секцияда қатысушылар партияның партиялық білім беру жүйесін, БПҰ мен партия мүшелері қызметін белсенді ету тұжырымдамасын талдады. Үшінші партияның идеологиялық жобалары, цифрландыруға, халықтың сандық сауатын арттыруға, үш тілділікке көшу, бизнестің геоақпараттық онлайн-сервисі, кіші және орта бизнесті дамыту, мемлекеттік жастар саясаты, «Рухани жаңғыру», т.б. бағдарламаларды қолдау және жүзеге асыруға бағытталған партиялық 22  жаңа жобаны жүзеге асыру бойынша жұмыс формалары мен әдістерді талқыланды.  

«Жаңа жобалар – біркүндік акция немесе кеңселік шаралар емес, партия мүшелерінің еңбегі, нәтижесінде қазақстандықтардың өмірі мен тұрмысы жақсаруы тиіс», - деп атап өтті Тамара Дүйсенова.  

Төртінші секция жұмысы адами ресурстарды басқару мен партияның кадрлық резервін қалыптастыру  мәселесіне, бастауыш партия ұйымдары мен партия мүшелерінің деректер базасын белсенді ету, бастауыш партия ұйымдарын ынталандыру мен жетілдіру  үшін бағалау жүйесін енгізуге арналды. БПҰ белсенді етудің негізгі прнциптері кешенділік, нақтылық, ашықтық болып табылады.

Аймақтық форумның қатысушылары үшін «Нұр Отан» партиясының  Орталық аппаратының құрылымдық бөліністерінің жетекшілері, партияның саяси менеджмент Академиясының оқытушылары, танымал тренерлер мен саясаткерлер әртүрлі бастауыш партия ұйымдарының өкілдеріне «Шешендік өнер», «Саяси коммуникация» және т.б. тақырыптар бойынша тренингтер өткізілді.  

Анықтама үшін: 2018 жылдың 1 шілдесі бойынша елімізде 1 миллионнан аса мүшесі бар 5839 бастауыш партия ұйымы жұмыс істейді (БПҰ). Партия құрылымын жетілдіру мақсатында кішірек ұйымдарды ірілендіру арқылы бастауыш партия ұйымдары жүйесін оңтайландыру процесі жүріп жатыр. Бүгінгі таңда бастауыш партия ұйымдарының жалпы көлемінің 51,3% (3001 бірлік) 3-тен 100-ге дейінгі мүшесі бар, 41,6% (2432 бірлік) 100-ден 500-ге дейін мүшесі бар бастауыш партия ұйымдары құрайды.

Бастауыш партия ұйымдары жұмысын ұйымдастыруда маңызды роль БПҰ төрағасына беріледі. Тұрақты түрде БПҰ төрағаларын, партия мүшелерін әртүрлі партиялық оқу әдістермен (онлайн-оқу, семинар-тренингтер, сондай ақ жинақы) оқытылады. 2017 және 2018 жылдары 4 мыңға жуық БПҰ төрағасы білім жетілдірді.

Abai.kz

 

7 пікір