Дүйсенбі, 29 Сәуір 2024
Масқара! 10701 19 пікір 27 Тамыз, 2018 сағат 17:43

Айналдырған он сөздің жетеуі қате

Күлесіз бе, жылайсыз ба? Мынау “Халық банктың” клиенттерге берген түбіртегі. Айналдырған он сөздің жетеуі қате жазылған. Және қазақша сөздері мүлде түсініксіз. Бұл туралы белгілі журналист Facebook әлеуметтік желісінде жазды.

Халықтың атын иеленген банк сол халықтың тіліне де құрметпен қарауға және сауатты қызмет көрсетуге міндетті емес пе?

Осыған дейін де бұл банктың мемлекеттік тілдің орнына қытай тілінде қызмет көрсетіп, қателескені туралы Abai.kz-те жазылған еді. Оны банк өкілдері, өз клиенттерінің China Union Pay халықаралық төлем жүйесінің карталарын пайдалануына байланысты деп түсіндірген.

Ал, мына сауатсыздықты қалай түсінуге болады?

Қазір қазақ тіліндегі кез-келген сауатсыз жарнама мен қызмет көрсетуге бей-жай қарауға болмайды. Себебі, қоғам талап етпесе, қазақ тілі мазаққа айналып кете бермек.

Нұрбике Бексұлтанқызы

Abai.kz

19 пікір