Сенбі, 4 Мамыр 2024
3324 0 пікір 24 Тамыз, 2018 сағат 11:19

Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының бұрынғы басшылығына сот үкімі шықты

Атырау қаласының №2 сотында мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы (МСҚББ) басшысы Рашид Алипбаев және аталған басқарманың бөлімі басшысы Асылбек Омаркуловқа қатысты қылмыстық істер қаралды, деп хабарлайды Абай-ақпарат ҚР Жоғарғы сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сотқа дейінгі тергеу органдарымен Р.Алипбаевқа Қазақстан Республикасы ҚК-нің 366 бабының 3 бөлігі 1),4) тармақтары (бірнеше рет қорқыту арқылы пара алу) бойынша айып тағылған, А.Омаркулов Қазақстан Республикасы ҚК-нің 190 бабының 3 бөлігі (Алаяқтық), 366 бабы (Ірі мөлшерде пара алу), 368 бабы (қызметтік жағдайын пайдалану арқылы парақорлыққа делдал болу) бойынша сотқа берілген.

Р.Алипбаев және А.Омаркулов сотқа дейінгі тергеу барысында кінәні мойындау туралы мәміле түріндегі процессуалдық келісімшарт жасақтағандықтан, оларға қатысты қылмыстық істер сотқа прокурордың келісімдік өндіріспен қарау туралы өтінішімен түскен.

Тергеу органдарымен анықталғандай, А.Омаркулов 2018 жылдың сәуір айында қала тұрғынынан салмақ түсетін және қоршалынатын құрастырылымдар бөлігінде бірінші деңгейдегі жауапкершілік көзделген объектілерді техникалық бақылау сарапшысының аттестатын беру үшін 200 000  теңге алған. Кейін ол ақшаны Р.Алипбаевқа пара ретінде берген.

Сондай-ақ, сәуір айында Р.Алипбаев қала тұрғынынан МСҚББ атынан ұсынымдық хат беру үшін 250 000 теңге пара алған.

Бұдан басқа, 2018 жылдың мамыр айында белгілі ЖШС-нің өндіріс бойынша директоры «е-gov» порталы арқылы лицензияға қосымша жұмыстарды енгізу туралы тапсырыс беріп, алайда оның тапсырысынан бас тартылған. Кейін ол А.Омаркуловқа көмек сұрап келген, соңғысы мәселені шешу үшін 200 000 теңге талап еткен.

Ағымдағы жылдың қаңтар айында басқа ЖШС 1 және 2 санаттағы жобалық қызметке лицензия алу мақсатында МСҚББ-ға қалыққа қызмет көрсету орталығы арқылы құжаттарын тапсырған, алайда оған лицензия беруден бас тартылған. Аталған ЖШС-тің өкілі МСҚББ басшысының міндетін атқарушы А.Омаркуловқа жүгініп, ол жадайдың оңтайлы шешілуі үшін 24 000 АҚШ долларын талап еткен. Нәтижесінде ол ақша алу сәтінде құрықталған.

Сот сотталушыларды қылмыстық әрекеттері үшін кінәлі деп таныды. Сот үкімімен Р.Алипбаевқа параның жетпіс еселенген мөлшерінде 31 500 000 теңге айыппұл салынды. А.Омаркуловқа 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын қауіпсіздігі орташа мекемеде өтеу белгіленді

Сондай-ақ, олар өмір бойына мемлекеттік қызметте болу құқығынан айырылды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1219
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1113
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 848
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 995