Жұма, 17 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3079 0 пікір 11 Наурыз, 2011 сағат 05:41

Саят Ибраевқа араша сұраймыз!

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Ұлт Лидері Н.Ә.Назарбаевқа

Аса мәртебелі Нұрсұлтан Әбішұлы!

Осы жанайқайымызды қалың қазақтың жанашыры, тәуелсіздік жолында өлшеусіз үлес қосқан, аз уақыт ішінде Қазақстанды әлемнің алдыңғы қатарлы айбынды мемлекетіне айналдырған ел Басшысы ретінде Сізге зор үмітпен жолдап отырмыз.
Мемлекет тұтастығы мен ел бірлігі жолында конфессия аралық өзара құрмет пен республика азаматтарының конституциялық құқықтарының сақталуын қамтамасыз ету Өзіңіздің айрықша назарыңызда екені баршаға мәлім.
Айналасы 20 жылдың ішінде халықаралық саяси қоғамдастықтың беделді һәм мәртебелі мүшесіне айналған бүгінгі жаңа Қазақстан Сіздің тікелей жасампаз еңбегіңіз бен асқақ абыройыңыздың арқасында толайым табыстарға қол жеткізді.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Ұлт Лидері Н.Ә.Назарбаевқа

Аса мәртебелі Нұрсұлтан Әбішұлы!

Осы жанайқайымызды қалың қазақтың жанашыры, тәуелсіздік жолында өлшеусіз үлес қосқан, аз уақыт ішінде Қазақстанды әлемнің алдыңғы қатарлы айбынды мемлекетіне айналдырған ел Басшысы ретінде Сізге зор үмітпен жолдап отырмыз.
Мемлекет тұтастығы мен ел бірлігі жолында конфессия аралық өзара құрмет пен республика азаматтарының конституциялық құқықтарының сақталуын қамтамасыз ету Өзіңіздің айрықша назарыңызда екені баршаға мәлім.
Айналасы 20 жылдың ішінде халықаралық саяси қоғамдастықтың беделді һәм мәртебелі мүшесіне айналған бүгінгі жаңа Қазақстан Сіздің тікелей жасампаз еңбегіңіз бен асқақ абыройыңыздың арқасында толайым табыстарға қол жеткізді.
Өткен жылы ЕҚЫҰ-на еліміз төрағалық мәртебесін зор абыроймен өткерді. Жуырда ғана аяқталған 7-ші Қысқы Азия ойындары жоғары деңгейде ұйымдастырылып, әлемдік спорт қауымдастығының мол ризашылығына бөленді. Биылғы жылы Қазақстан Ислам Конференциясы ұйымына төрағалық қызметіне кірісті. Бұл жетістіктеріміздің баршасы ең алдымен Сіздің һәм барша қазақстандықтардың төл жеңісі екені даусыз. Алдағы уақытта өтетін ел үшін елеулі оқиға - Қазақстан Республикасының Президентін сайлау қарсаңында біз бәріміз Өзіңізге үн қосып, елімізді әлі де ұшар биіктерге бастай беретініңізге сенім білдіреміз.
Осынау игілікті істердің жүзеге асқан тарихи кезең тұсында Қазақстан ғылымының дамуы жолында төтенше маңызды, еліміздің сот жүйесінде өзінің әділ шешімін күтіп отырған іс жөнінде Өзіңізге жүгініп отырмыз. Қысқаша баяндар болсақ, біршама уақыттан бері еліміздің ғана емес, алыс-жақын шетелдердің техника ғылымы саласында айтарлықтай еңбек сіңіріп, айрықша біліктілігі мен зор парасатының арқасында әлемдік деңгейде танылған техника ғылымдарының докторы, профессор Саят Мұратұлы Ибраевтың үстінен белгісіз себептермен қозғалған қылмыстық істің тағдырына алаңдаушылық білдіріп отырмыз. Халықаралық А.Гумбольдт қорының арнайы гранты негізінде (Қазақстан ғылымы тарихында бүгінгі күнге дейін бар-жоғы 14 ғалым ғана ие болған. Соның бірі С.Ибраев) Германияның, оған қоса Мәскеудің ірі ғылым ошақтарында іргелі іс атқарған, тәуелсіздік алған өтпелі кезеңде шетелде жоғары жалақы төленетін жұмысын тәрк етіп, туған елге қалтқысыз қызмет етемін деген асқақ ұстаныммен оралған азамат.
Оған қоса, С.Ибраев механика мен машина жасау саласында халықаралық 5 патенттің иегері, 3 ғылыми монография мен 60-тан астам ғылыми зерттеулердің авторы, Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ мақтанышына айналған маңдайалды ғалымдарының бірі. Кәмелетке толмаған 5 баланың әкесі, елімізге белгілі композитор, қазақ журналистикасының дамуына сүбелі үлес қосқан Мұрат Ибраевтың жалғыз ұлы.
Біз - Қазақстан ғылым, өнер, қоғам қайраткерлері бұл астыртын жүргізіліп жатқан жалалы істің негізділігіне сенімсіздік танытатынымызды (мұның артында құйтыртқы топтардың жеке мүдде тұрғаны байқалатындай) айтқымыз келеді. Профессор С.Ибраевтың үстінен ешқандай арыз түспесе де белгісіз жағдайда қылмыстық іс қозғалғандығы, негізсіз жабылған жала ашылмай 6 айға жуық қамауда отырғандығы, құқығының өрескел тапталуы жанымызға ерекше бататын жайт. Дарынды ғалымды сенделтіп, ғылыми ортаға секем түсірген бұл оқиға республика ғалымдарының ғана емес, өнер, қоғам қайраткерлерінің де жанайқайына айналып отыр.
Аса мәртебелі Нұрсұлтан Әбішұлы, біз Сіздің Қазақстан ғылымының дамуына сіңірген ерен еңбегіңізге, қамқорлығыңызға сан мәрте куә болдық және біз оны ел ғылымына көрсеткен үлкен құрметіңіз деп бағалаймыз.
Біз, төменде қол қоюшы Қазақстанның бір топ ғалымдары, өнер және қоғам қайраткерлері Сізден ғалым С.Ибраевтың басында қалыптасқан қиын жағдайды жеке бақылауға алуыңызды және оң шешім табуына ықпал етіп, қол ұшын созуыңызды аса жоғары сеніммен сұраймыз! С.Ибраевтың алдағы уақытта қазақ ғылымының өркендеуіне еселі үлес қосып, білікті мамандар дайындауда жемісті еңбек ететіндігіне кәміл сенеміз.
Өзіңізге ұзақ ғұмыр, зор денсаулық, отбасыңызға амандық, әрдайым ел игілігі жолындағы іргелі істеріңіз еселене берсін деп тілейміз.

Өзіңізге деген жоғары сеніммен,
төмендегі қол қоюшы бір топ ғалым-қайраткерлер:

Мырзахметов Мекемтас, филология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, Абайтану ҒЗО директоры
Исабеков Дулат, жазушы, драматург, ҚР  мемлекеттік сыйлығының, ПЕН-клубтың, тәуелсіз Тарлан сыйлықтарының лауреаты
Мұртаза Шерхан, Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, "Отан" орденінің иегері
Шарманов Төрегелді, медицина ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының кеңесшісі, "Қазақстан тағамтану академиясы" АҚ президенті.
Жұмаділов Қабдеш, Қазақстан Халық жазушысы, ҚР мемлекетік сыйлығының лауреаты
Ахметова Зейнеп, жазушы
Жұмаділдаев Асқар, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, ҰҒА академигі
Тусупбеков М.Р, техника ғылымдарының докторы, профессор, ҚР мемлекеттік сыйлығының иегері, академик
Елубай Смағұл, жазушы, мемлекет және қоғам қайраткері
Жұртбай Тұрсын, филология ғылымдарының докторы, профессор, жазушы
Әуезов Мұрат, мәдениеттанушы, мемлекет және қоғам қайраткері
Масанов Ж.К, техника ғылымдарының докторы, профессор, академик
Жолдасбеков Скандарбек, техника ғылымдарының докторы, профессор, академик
Жомартов А.А, техника ғылымдарының докторы, НИАКК корреспондент-мүшесі
Қазбекұлы Нұрқасым, жазушы
Әшімханұлы Дидахмет, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, жазушы, ҚР Еңбек сіңірген мәдениет қайраткері
Нұржан Светқали, ақын, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты, ҚР Президентінің мемлекеттік стипендиясының иегері
Тулешов А.К., ұлттық инженерлік академияның академигі
Салқынбай Анар, филолология ғылымдарының докторы, профессор
Сартаев К.З., техника ғылымдарының докторы, профессор, Абай ат. ҚазҰПУ ЖООКБББ бастығы
Абдраман Шамшиден, педагогика ғылымдарының докторы, техника ғылымдарының кандидаты, профессор
Нұрмұратов Серік, философия ғылымдарының докторы, профессор
Абдрахманов У.Т., техника ғылымдарының докторы, профессор
Шерьязданов Ғ.Б., физика-математика ғылымдарының докторы, профессор
Казыханов Х.Р., техника ғылымдарының докторы, профессор
Қосболов С.Б., техника ғылымдарының докторы, профессор
Қалтаев Айдархан, физика-математика ғылымдарының  докторы, профессор
Минглибаев М., физика-математика ғылымдарының  докторы, профессор
Омаров Т.И., техника ғылымдарының  докторы, доцент
Ходжиева Л.А., физика-математика ғылымдарының докторы, профессор
Атымтаев Л.Б., физика-математика ғылымдарының докторы, доцент
Иманқұл Т.Ш., физика-математика ғылымдарының кандидаты, доцент
Жұмаділ А.Қ., тарих ғылымдарының кандидаты
Абдраимова Г., техника ғылымдарының кандидаты, доцент
Иманбаева Н., техника ғылымдарының кандидаты
Мадалиев Т.Б., физика-математика ғылымдарының кандидаты
Мырзахметова Г.С., физика-математика ғылымдарының кандидаты,  доцент
Акпанбетова А.Ж., техника ғылымдарының кандидаты, доцент
Ералиев А.К., техника ғылымдарының кандидаты, доцент
Қыдырбекұлы А.Б., Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ доценті
Джапаев С.К., техника ғылымдарының кандидаты, доцент
Абдикасова Б.А., физика-математика ғылымдарының кандидаты, доцент
Құмар Бақдәулет, техника ғылымдарының кандидаты, доцент
Абдраимова Г., техника ғылымдарының кандидаты, доцент
Ракишева З.Б., физика-математика ғылымдарының кандидаты, доцент
Жолшора А., техника ғылымдарының кандидаты, доцент
Сейдахмет А., техника ғылымдарының кандидаты, доцент
Маматова Г.У., физика-математика ғылымдарының кандидаты, доцент
Тулегенова К.Б., физика-математика ғылымдарының кандидаты, доцент
Танжаринова Г.П., Қ.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ докторанты
Джумагулова Н.Б., Қ.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ аға оқытушы
Абаев М.Т., Қ.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ аға оқытушы
Акимханова М.М., Қ.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ аға оқытушы
Туғанбаева Д.Т, Қ.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ аға оқытушы
Журсенбаев Б.И., Қ.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ аға оқытушы
Наурушев Б.К., Қ.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ магистрі
Тугельбаева Г.А., М.Тынышбаев атындағы ҚазККА аға оқытушы
Қасымова Г.Т., ҚазБСҚА оқытушысы
Ягалиева Б.Е., ҚБТУ оқытушысы
Жандыбаев Қ., оқытушы
Турарова Ж.К., маман
Сейдилдаева А.К., маман
Оған қоса түрлі саладан  9 ғылым докторы,  31 ғылым кандидаттары мен ЖОО-ның оқытушылар қол қойған.

www.masa.kz интернет газеті

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2103
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2517
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2206
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1624