Жексенбі, 5 Мамыр 2024
46 - сөз 4009 1 пікір 23 Тамыз, 2018 сағат 13:34

Жақсы адам

Сіз қала сыртында беймарал жүрсіз. Ағаңыз хабарласып, тез жетуді өтінді. Ырғалып-жырғалып жүретін уақыт аз. Тым асығыссыз, кигеніңіз шорты, аяғыңызда сүйретпе. Қол бұлғап, такси тоқтаттыңыз. Барар бағытты ұғындырып, бағасын келісіп, шұғыл апаруды өтіндіңіз. Сосын, сосын әрине телефонға шұқшидыңыз. Межелі орынға жетіп, көліктен түсіп қалдыңыз...
Мәселе шешілгеннен кейін үйге жеттіңіз. Шайынып, өз-өзіңізге келген соң бір затыңызды таксиде қалдырғаныңыз еске түсті... 

Өкіндіңіз, нөмірінен бұрын мінген таксидың түсі де есіңізде жоқ. Тек маркасы мен салонының жағымды иісі ғана жадыңызда. Шопырдың түрін вообще сұрамай ақ қойыңыз... Не істейсіз? Әрине, алдымен аңғалдығыңа өкінесің. Сосын өз-өзіңді ақтау процесіне өтіп, шопыр байқұсты біраз жерге дейін «жеткізіп» саласың... Соңында амал жоқ «Қуған жетпес, бұйырған кетпес» деп мақал айтып қоясың (мақалыңа сақалым). 

Қу дүние ай түнімен ұйықтай алмайсың. Құлағыңның түбінде жеке дауыста «ән салып», жаны жай тапқан ішкі ойың түнде «бэк-вокалмен» қосыла ыңырсып, таңға жуық «квартет» құрып алған ғой... 

Сүйретіліп, жұртты жақтырмай, жаныңнан ары-бері өткен көліктің бәріне күдікпен қарап жұмысыңа келесің. Типа күлімдеп жүрсің. Бірақ түрің ағып кеткен. Ара-арасында жоғалған затыңды ойлап қынжылып қоясың тағы... Атасына нәлеті қу дүние ай...

Түске таман кеше үйіне барған ағам хабарласып: 

– Әмір, сен кеше бізге таксимен келдің бе? – дейді ғой.

– Иә, дейсің күмілжіп...

– Сол таксист жігіт бір затты әкеп тұр. Бұл сенікі ме?

– Иә, иә, иә дей бересің ғой қуанып (тіл кетіп қалған уже).

– Иәлай бермей жөнін айт. Мә, мына жігітпен өзің сөйлес, деп трубканы кешегі таксистке береді ғой...

– Алоу, алоу, алоу...

Сенде тіл жоқ қой.

– Қанша берейін?

– Енді абайлап жүр. Ақшаң керек емес. Бұл мен үшін сынақ болды. Қайта саған рахмет! Біраз шайтандарды шығарып салып, нәпсіме нәпіл намаз оқыттым деп күліп қояды. 

Сөздің қысқасы, жақсы адамның атын айтайын десем, мына пақыр: «Иә, иә, иә, қанша берейін?» дегеннен басқа ол ағаның атын да сұрамапты. 

Салонының иісі де өзі де жақсы, жақсы «Ауди А4» мінген жақсы аға, Өзіңіз айтпақшы Сізге де Алла разы болсын! Екі дүниенің жақсылығын көріңіз!

Әмірхан Қаратайдың Facebook-тегі парақшасынан

Abai.kz

 

1 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1267
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1159
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 900
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1030