Жұма, 17 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2263 0 пікір 11 Наурыз, 2011 сағат 01:49

Жамбылдық полицейлер ән шырқады

Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік салтанатты іс-шара әйелдер қауымының есінен кетпес әсер қалдырды,деп хабарлады Жамбыл облыстық ІІД баспасөз қызметі.

Аймақтың бас полицейі Бекет Аймағамбетовтың ІІД және бөлімшелерінің әйел қызметкерлерін салтанатты марапаттауынан кейін, талантты полицейлер мен қонақтардың қатысуымен концерт қойылды. Музыка өнеріне танымал дирижер Римма Апсаматованың жетекшілігімен ер полицейлердің алғашқы қойылымы өтті.

«Залға толған көрермендер үшін бұл керемет тосын сый болды. Ерлерден құралған алғашқы қойылым жарқын  көрініспен басталды. Қылмыспен күресуші полицейлер өздерінің әндерімен және шеберліктерімен әріптестерін ғана таң қалдырып қойған жоқ, сонымен қатар, шақырылған қонақтарды, көпшілікті таңдандырды», - дейді әсерімен бөліскен ІІД баспасөз хатшысы Роза Қалдыбекова.

Көрермендер назарына Ш.Қалдаяқовтың «Ана туралы жыры» мен А.Зацепиннің «Иван Васильевич мамандығын өзгертеді» кинофильмінен «Маруся» атты әндер орындалды. Қазақ әнінің  көп дауыспен орындалуы әйелдерге лирикалық және терең мағыналылығымен ұнады.

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2113
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2525
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2224
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1629