Дүйсенбі, 29 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2188 0 пікір 11 Наурыз, 2011 сағат 01:47

Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Оңтүстік Қазақстан облысында болды

Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапарымен Оңтүстік Қазақстан облысына келді,деп хабарлады ҚР Президентінің баспасөз қызметі.

Оңтүстік Қазақстан облысының Ордабасы ауданына келген соң, Президент «Ордабасы құс» ЖШС-нің жаңа құс кешенін аралап көрді. Бұл Қазақстанда өнеркәсіп негізінде күркетауық өсіретін алғашқы жоба. Заманауи кәсіпорын  тұйық өнеркәсіптік цикл ретінде құрылған, құс өсірумен, құрама жем өндірісімен, ет өңдеумен шұғылданады. Кешен өткен жылғы желтоқсанда Үдемелі индустриалдық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында іске қосылды. Кешеннің жобалық қуаты - жылына 4800 тонна күркетауық етін өндіру, жобаның жалпы құны - 3 млрд. 294 млн.теңге. 500 жұмыс орны ашылған.

Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапарымен Оңтүстік Қазақстан облысына келді,деп хабарлады ҚР Президентінің баспасөз қызметі.

Оңтүстік Қазақстан облысының Ордабасы ауданына келген соң, Президент «Ордабасы құс» ЖШС-нің жаңа құс кешенін аралап көрді. Бұл Қазақстанда өнеркәсіп негізінде күркетауық өсіретін алғашқы жоба. Заманауи кәсіпорын  тұйық өнеркәсіптік цикл ретінде құрылған, құс өсірумен, құрама жем өндірісімен, ет өңдеумен шұғылданады. Кешен өткен жылғы желтоқсанда Үдемелі индустриалдық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында іске қосылды. Кешеннің жобалық қуаты - жылына 4800 тонна күркетауық етін өндіру, жобаның жалпы құны - 3 млрд. 294 млн.теңге. 500 жұмыс орны ашылған.

Құс кешенін аралау кезінде Мемлекет басшысы облыста Үдемелі индустриалдық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы мен шағын кредиттік ұйымдардың жобаларымен танысты. Оңтүстік Қазақстан облысында өткен жылы сомасы 34 млрд.теңгеден асатын 7 индустриалдық нысан іске қосылды. 1800 жұмыс орны құрылды. Биылғы жылы тағы 6 инновациялық кәсіпорын құрылатын болады, инвестиция көлемі екі есе өседі. Облыста құрылған «Ырыс» және «Оңтүстік-Финанс» шағын кредиттік ұйымдары тек өткен жылы сомасы 1 млрд. 800 млн.теңгенің 1800-ден астам жобаны қаржыландырды. Сонымен қатар, 4700 адам жұмыспен қамтылды. Дайындық орталықтарын, мал шаруашылығы өнімдерінің өндірісі мен өңдеуді ұйымдастыру басымдыққа ие болды. Өткен жылы шағын кредиттік ұйымдар таңдаулы мал шаруашылығын, құс шаруашылығын, ара өсіру шаруашылығы мен өсімдік зерттеу ғылымын дамытуды, наубайхана, жылыжайлар шаруашылығын, құрылыс материалдар өндірісін жолға қоюды қаржыландырды.

Президент сондай-ақ Шымкент қаласындағы жаңа перинатальдық орталықта болды. Балалар үйі Шейх Халифа Бин Зайд Әл-Нахайан атындағы Қордың жеке меншік инвестициясы есебінен салынған. Жобаның құны 25 млн. астам долларды құрады. Медициналық қызметкерлер үшін 300-ден аса жаңа жұмыс орны ашылды. Орталық заманауи диагностикалық және реанимациялық аппаратуралармен жарақтандырылған. Бұл аналар мен жаңа туылған нәрестелерге жоғары сапалы медициналық көмек көрсетуге мүмкіндік туғызады.

Мұндай жобалар бәрінен бұрын, денсаулық сақтау саласын дамытуға және қазақстандықтардың денсаулығын жақсартуға бағытталған. Соның нәтижесінде бүгінде бала туу 25 пайызға артты, өлім 11 пайызға төмендеді. Халықтың табиғи өсімі 1,7 есеге ұлғайды, ана мен бала өлімінің көрсеткіштері азайды.

Медицинаны қаржыландыру бес жыл ішінде 4 есеге өсті және қазір 660 млрд. аса теңгені құрайды. Тек соңғы 3 жылда өңірде заманауи талаптарға жауап беретін 100 қуатты медициналық және көпсалалы арурухана тұрғызылды. Оларда халыққа білікті медициналық көмек көрсетіліп келеді. Қазақ медицинасы жоғары технология мен заманауи емдеу тәсілдерін игеруде. Бүгінде еліміз бойынша алғаш рет ең күрделі медициналық бағыттар бойынша операциялар жасалуда. Тиімді кардиологиялық және кардиохирургиялық қызметтер құрылды. Қазақстандық хирургтер жүрекке арналған күрделі операцияларды жасауда. Республикалық емхана базасында алғаш рет жілік майына трансплантация жасау және бүйректі алмастыру бойынша бірегей операция жасалды. Танымал халықаралық ғылыми орталықтармен серіктестік үшін Астанада өмір туралы ғылыми орталық ашылуда. Онда рак, жүрек- қан тамырлары және өзге де аурулардың алдын алудың тиімді әдістемесін, диагностиканы, емдеуді қарастыратын болады. Адам гені саласында, органдар мен тканін трансплантация жасау, клеткалар өзегіне қолдану, биоинженерия мен ұзақ жасау медицинасы туралы ғылыми зерттеу жұмыстары жүргізілетін болады.

Халықтың 40 пайыздан астамы ауылдық жерлерде тұратынын ескере отырып, ауылдықтар үшін қолжетімді медициналық көмекпен қамтамасыз ету мәселесі бірінші кезектегі мәнге ие. Бұл мақсатта көптеген істер атқарылды. 2010 жылы жаңа әлеуметтік жоба іске қосылды: «Денсаулық» атты екі емдеу-диагностикалық пойыз жұмысын бастады. Нәтижесінде еліміздің шалғай аумақтарында тұратын он мыңдаған адам дәрігерлік тексерістен өтіп, ем алды. Биылғы жылы тағы бір пойыз іске қосылады. Заманауи жабдықтармен жарақтандырылған және дәрігерлік бригадамен қамтамасыз етілген 50 жылжымалы медициналық кешен сатып алынады. 2015 жылға қарай 350 дәрігерлік амбулатория, фельдшерлік-акушерлік пункттер мен емханалар салынатын болады.

Азаматтардың денсаулығын қорғау - Президенттің әлеуметтік саясатының маңызды бағыты.  Бұл саланы дамытудың басым бағыттары қатарына: дәрігерлердің беделін арттыру, адамдарға мейлінше қолдау көрсету, осы салаға кәсіби мамандарды іріктеп алу жатады. Он жыл ішінде Қазақстанда дәрігерлердің еңбекақысы 6,5 есеге артты. Биылғы жылы бұл көрсеткіш тағы 30 пайызға өсетін болады. Бүгінде медициналық қызметкерлер ең үздік шетелдік оқу орталықтары мен емханаларында тәжірибеден өтіп, білімдерін жетілдіру мүмкіндіктеріне ие болды. Мемлекеттік тұрғын үй мемлекеттік бағдарламасын іске асыру бірінші кезекте, медицина қызметкерлері мен педагогтерді баспанамен қамтамасыз етуге арналған. Мемлекет денсаулық сақтау қызметкерлерінің әлеуметтік мәртебесін одан әрі нығайтып, олардың жұмыс істеуі мен кәсіби деңгейінің өсуі үшін қолайлы жағдай туғызатын болады.

 

0 пікір