Жексенбі, 5 Мамыр 2024
46 - сөз 4833 5 пікір 22 Тамыз, 2018 сағат 11:44

Мемлекет үшін, Атыраудың жергілікті атқарушы билігі үшін мен ұялып отырмын

Бүгінгі Атырау Ішкі Істер Департаментінің басшысының казинода ұтылған видеосын көріп, жекеме шығып жүрген халықтың жан айқайын түсінген сияқтымын.

Ол жақтағы құзырлы органдағы кейбір жемқорлар, параны жүз мыңдап емес, миллиондап алатына көзім жетті...

Судья 80000 доллар сұрады дегенде, "әпиттері зор екен" деп таң қалған едім. Сөйтсем бұл таң қалатын дүние емес екен ғой.

Бір жігіт жазып еді: "Атыраудан тергеу кезінде 10000 доллар тауып бере алмаған соң жазықсыз қамалып кеттім"- деп. Сол әңгіменің шындығы шығып тұр.

Халық өзін ақтап алу үшін ақша беру керек, ал біреулер өзге елдің казиносында миллион долларлап ұтылады. Жүйенің шірігендігі, құлақ кесіп, ұрып тепкілеп есігінің алдына мал сияқты әкеліп тастайды. Ол істі Атырау құзырлы органдары қарамайды. Ал балық аулауға рұқсат қағазы болса да, заңды ауланған балық үшін 7-8 жылға қамап жібереді. Жекеме шығып жатқан қаншама балықшылар отбасы бар.

Судьяларды парамен ұстатып, өзі сол үшін қысым көріп жүрген азаматтардың сөздері рас болып шығып отыр.

Мемлекет үшін, Атыраудың жергілікті атқарушы билігі үшін мен ұялып отырмын. Қаншама жазықсыз азаматтар темір тордың ар жағына, ақша тауып бере алмаған соң қыршын кетті. Жүйені өзгертіңіз Елбасы! Халық шаршады жемқорлардан!

Айгүл Орынбек

заңгер

Abai.kz

5 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1363
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1196
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 942
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1045