Бейсенбі, 2 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2473 0 пікір 11 Наурыз, 2011 сағат 01:44

Оралда ауыл шаруашылығы өнімдері төмен бағамен сатылмақ

Орал қаласындағы «Ел ырысы» базарында 12, 19, 26 наурыз күндері ауыл шаруашылығы өнімдері төмен бағамен сатылмақ.

Базар директоры Жәнібек Қажығалиевтің айтуынша, бағаны тұрақтандыру, жергілікті халықты сапалы да арзан өнімдермен қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастырылып отырған шараға аудан-ауылдағы және қаладағы көтерме саудамен айналысатын кәсіпкерлер қатыспақ. Мұнда арзан бағамен ет және көкөніс, қант, күріш, ұн, макарон өнімдері саттыққа шығарылады. Мұндағы өнімдер бағасы базардағыдан 10-15 пайызға арзан болмақ. 12 наурызда Жәнібек, Бөкей ордасы, Қазталов, Зеленов аудандары, 19-ында Қаратөбе, Шыңғырлау, Ақжайық, Теректі, 26-сында Сырым, Бөрлі, Тасқала, Жаңақала аудандары кәсіпкерлері, сондай-ақ осы күндері «Шанс», «Анвар», «Иманғазиева», «Хамидова» жеке кәсіпкерліктері, «Ақас» шаруа қожалығы өкілдері базардың бел ортасынан табылмақ.

Қалалық ауыл шаруашылығы бөлімінің бастығы Мақсот Дауқариевтің сөзіне қарағанда, әр аудан он бас ірі қара, бір жылқы, он бас қой, бес бас шошқаны саттыққа шығармақ. Еттің міндетті түрде малдәрігерлік құжаты болады. Бұл күндері аталмыш жәрмеңкеде сиыр еті - 750 теңге, жылқы еті - 850 теңге, қой еті - 720 теңге, тауық еті - 400 теңге, шошқа еті 600 теңгеден аспауы шарт. Ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілерге сауда, өнімдерді сақтау орны тегін ұсынылады.

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 149
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 64
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 41