Сейсенбі, 30 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2262 0 пікір 9 Наурыз, 2011 сағат 04:47

С. Мешітбайқызы. Қазақша СИК-тің әуресі

Биыл қызмет бабымен елдің барлық өңірін араладым. Сонда тілге қатысты талай мәселе алдымнан шықты. Соның кейбірімен оқырманды таныстырғанды жөн көрдім. Мұны маған жергілікті бір азамат айтқан еді. Сол күйінде жеткізіп отырмын.

«Менің СИК алғаныма ұмытпасам, 15 жылдай болған. Алайда, 1997 жылы жеке куәлік алғанда, құлдықтың сырғасынан құтылайын деген оймен, президенттің сол жылғы жарлығына сәйкес аты-жөнді ұлттық дәстүрге лайық өзгерту пәрменін қолданып, «ев»-тен құтылғанмын. Сөйтсем, СИК те сол «ев»-ке тіркеліп қойылған екен. Оны биыл білдім. Әйтеуір, бұған дейін зейнетақы жарналарым адаспай, қорға түсіп келіпті. Тек Халық банкынан несие алуға аяқ басқанда солар біліп қалып, СИКті де қазақтандыруды талап етті. Сөйтіп, 1 ай шамасы ішінде қазақтандырғанмен, келесі айлықтан қорға зейнетақым өтпей қалды. Арнайы қазақы қаріппен жазылған аты-жөн  болмаса, зейнетақы жарнасы да өтпейді екен. Сөйтіп, пілдей бір фирманың бухгалтериялық компьютерлері менің аты-жөнім арқасында «қазақтанды». Содан басқа жұмысқа ауысқанда, жаңа бухгалтер орыс қаріптерін қазақ жазуына икемдеп үйреніп қалған әдетімен, орысша басып жіберсе, зейнет жарнасы тағы да өтпепті. Сонымен әлгі бухгалтерия компьютерін тағы да қазақшалауға тура келді.»

Мұнымен менің айтпағым мынау: қазақ тілін дамыту жүйелі қолға алынбай, оның азаматтық деңгейде, шала бүлініп, жеке дара жалаңтөстеніп шешу - қиынның қиыны. Аталмыш жайт, шын мәнінде техникалық және нормативтік құқықтың бұзылуынан болып отыр және ол елдің барлық жерінде, барлық ұйымдарында бар. Себебі, шетелден келетін техникалық құралдар мен жабдықтар шекарадан кіргенде қазақ қарпінсіз кірмеуі қажет. Алайда, мұны қамтыған айқын заңдама жоқ және оны бақылайтын ешкімде құзыр жоқ, импорттаушыларға  бұған қатысты талап тағы жоқ.Мұны көтеріп отырған депутаттар да жоқ. Ендеше, мемлекеттік құзыр мемлекеттік тілді қолдамайынша, мұндай мәселе қазақ болуға  бірден бір кедергі және қазақтілділер мен отаншыл азаматтардың «өмірін қысқартатын», жағы мен қолына тыным бермейтін бірден бір «жау» болып қала бермек. «Қазақстанның болашағы - мемлекеттік тілде» деген көшелердегі ұранды ескерсек, ел болашағы есіңді кетіреді...

«Абай-ақпарат»

0 пікір