Дүйсенбі, 29 Сәуір 2024
3630 8 пікір 16 Тамыз, 2018 сағат 17:04

Алматыда Әбіш пен Фаризаға көше берілді

????????????????????????????????????

Бүгін өткен Алматы мәслихатының сессиясы барысында Алатау және Бостандық аудандарындағы бірнеше көшенің жаңа атауы бекітілді.

Хабарламада жазылуынша, Алматыда 160-тан аса көшенің жаңа атауы бекітілген екен. Сол қатарда қазақтың бір туар тұлғалары Әбіш Кекілбаев, Фариза Оңғарсынова және Батырхан Шүкенов атындағы көшелер пайда болды.

  • Көше атауларын өзгертудің бірден-бір себебі - олардың қайталана беретіні, - деп түсіндірді қалалық мәслихаттың хатшысы Қалдыбай Қазанбаев.

Еске сала кетейік, биыл мамыр айында Алматы мәслихатының комиссиясы 164 көшенің атауын өзгертуді ұсынған болатын.

Abai.kz

8 пікір