Бейсенбі, 2 Мамыр 2024
46 - сөз 3060 1 пікір 15 Тамыз, 2018 сағат 09:58

"Болашақтықтарды" 6 айға шетелге міндетті практикаға жіберу керек

Бір ой келеді. Бәлкім "Болашақпен" магистратураны бітіргендерді кемі 6 айға сонда шет елдік компанияға міндетті практикаға (internship) жіберу керек шығар. Қазір де 1 жыл істеуге рұқсат, бірақ көбісі елге асығады.

Себебі практикасыз келген білімді елімізде қолданып кету де оңай емес. Шет елдік компанияда кемі жарты жыл істеген адам ондағы стандарттарды, әдістерді, шешім қабылдауды елде оңайырақ қолданар еді.

Артық шығын, бірақ тіл оқыту мерзімін 3 айға дейін қысқартып, үнемдеуге болады. Себебі көп мемлекетте тіл оқу қашанда студент міндеті және ол дұрыс.

Сонда қалып қояды деген риск бар. Онда қазіргідей үйін ғана емес, әке-шешесінің зейнетақы счетын да залогқа қойсын. Қай есі дұрыс бала елден қашып, отбасын үйсіз, зейнетақысыз қалдырсын. Значит, қайтады!

Қысқасы, бұл 25 жылда шет елде осынша студент оқыттық деп сан қуғаннан гөрі бюджет ақшасын анағұрлым тиімді қолдану болар еді. Меніңше!
Себебі теория мен практика көбіне жер мен көктей болып жатады.

Нұрмұхаммед Байғараевтің Facebook-тегі парақшасынан

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар