Сенбі, 27 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2724 0 пікір 4 Наурыз, 2011 сағат 01:49

Қырғызстан Кеден одағына міндетті түрде кіреді, әйтпесе оқшауда қалады, деп есептейді қырғыз үкіметінің басшысы

Алматы. 3 наурыз. ҚазТАГ - Қырғызстан Кеден одағына міндетті түрде кіреді. Қырғыз Республикасының премьер-министрі Алмазбек Атамбаев бейсенбі күні РФ ТЖМ арнайы техникасын табыс ету рәсімінде мәлім етті, деп хабарлайды ҚырТАГ агенттігі.

«Бізге бұл ұйымға (Кеден одағы - ҚазТАГ) мүше болу керек, әйтпесе оқшауда қаламыз. Еліміз экономикалық тұрғыда қатты зардап шегеді. 2010 жылы көрші елдермен шекаралар жабылғанда қалай қиналғанымыз есімізде», - деді А. Атамбаев.

Министрлер кабинетінің жетекшісі мәлімдегендей, Қырғызстан Қытай тауарларының реэкспортына ғана үміт арта алмайды.

«Алып-сатумен күн көруге болмайды. Бізге өз өндірісімізді дамыту керек, ал бұл үшін Қырғызстанда тыныштық пен бейбітшілік болуға тиіс. Еліміз Қытай тауарларының реэкспортымен айналысқандықтан, Кеден одағына кірген алғашқы кезде қиындықтар болады», - деп атап көрсетті А. Атамбаев.

Премьердің айтуынша, Кеден одағының комитетінде Қырғызстанның өкілі жұмыс істейді. Қазіргі уақытта ұйымға кіруге қатысты мәселелер пысықталып жатыр, алайда ҚР үкіметінің басшысы Қырғызстанның КО-ға мүшелікке өтетін уақытын нақтылаған жоқ.

Кеден одағы 2010 жылы Ресей, Қазақстан және Беларусь елдерінің аумағында қызмет ете бастады.

Кеден одағын құру ортақ кедендік аумақты құруды қарастырады, оның шеңберінде арнайы қорғау, демпингке қарсы және компенсациялық шаралардан басқа, экономикалық бағыттағы кедендік салықтар мен шектеулер қолданылмайды. КО шеңберінде бірыңғай кедендік тариф және үшінші елдермен тауар саудасын реттеудің басқа да бірыңғай шаралары қолданылады.

2010 жылы Кеден одағын құру Қырғызстанда сауда операциялары саласының құлдырауына алып келді. Сауда айналымы 2009 жылдың сәйкес көрсеткішінен 11%-ға қысқарды. Бұл құлдырау КО құрылуына байланысты көбінесе негізгі сауда әріптестері болып табылатын елдермен сауда жағдайларының нашарлауынан болды. Өткен жылы қызмет көрсету саласында 55%-дық құлдырау байқалса, бөлшек сауданың айналымы 2009 жылға қатысты 98,2% құрады.

0 пікір