Сенбі, 4 Мамыр 2024
Жалқы сұрақ 4225 4 пікір 8 Тамыз, 2018 сағат 19:09

Құрдымға біржола кеткенің бе, телеарна?

Қазір, Ресейдің барлық телеарналарын қоссаңыз болды, мінбелер басына шоқиып тұрып алған адамдар талқыланып жатқан тақырыптары бағытында ойларын ашық айтып пікір таластырады. Айтатын сөздері, сол баяғы АҚШ бастаған Батыс елдері капиталистерін балағаттаудан артылмайды. Мен өзім Ресейдің телеарналарын қарамауға тырысамын, себебі, олар менің елімнің мүддесіне қайшы келетін сөздерді көп айтады.

Қызығы, сол мінбелерге шығып алып сөйлейтіндердің барлығы, әлемдегі экономикалық дамыған елдерінде орныққан демократияның құндылықтарды бұрмалап, жамандаудан шаршамайды.

Ресейдегі телевидениялық бағдарламалардың күштілігі соңша, азамтаттарымыз Ресей саясаткерлерінің барлығын таниды, аты-жөндерін жатқа біледі. Байқағаным, еліміздің кейбір саяси шолушылардың өздері, Ресейдің ақпараттық кеңістігінде торуылдап жүріп, өздерінің өздерінше жасаған саяси сараптамаларын біздің бұқаралық ақпараттық құралдар арқылы жариялап отырады.

Еліміздің телеарналарына келетін болсақ, телеарналарымыздағы соңғы он жыл ішінде түрлі саяси және экономикалық тақырыптардағы телебағдарламалар мүлдем құрдымға кетті деп айтуға болады. Осыдан барып, еліміздің жұрты елімізде саяси партиялардың бар екенің де білмейді. Телеарналарымыз кез-келген тақырыпты алып, сол тақырыптармен байланысты жұмыс жасайтын мамандарды шақырып пікірталастарды неге ұйымдастырмайды? Әлде, біздің елде пікірталастар арқылы қоғамымыздың пікірін ескере атырып шешілетін саяси-экономикалық мәселелер жоқ болып кетті ме?

Еліміздің телеарналары әртүрлі телебағдарламалары  арқылы мемлекеттегі барлық саяси партияларға өздерін елге көрсетуге барынша мүмкіншілік беретін уақыт келді деп ойлаймын. Оның үстіне, барлық халыққа болашақтағы барлық сайлауларға партиялық тізімімен барасындар деп, өкіметіміз заң шығарды емес пе?

Сондықтан, өкіметімізге еліміздегі телевиденияның аяқ-қолын байлап ұстап отыруға болмайды. Бұлай жалғаса берсе, еліміздің саяси ахуал түнертіп келе жатқан шиеленіске тап болады. 

Жанат Асанқали, Жезқазған қаласы

Abai.kz

 

4 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1203
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1095
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 834
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 968