Сенбі, 27 Сәуір 2024
Жаңалықтар 4767 0 пікір 4 Наурыз, 2011 сағат 01:46

Қытай азық-түлік қауіпсіздігі саласындағы қылмыс үшін өлім жазасын енгізді

Бейжің. 3 наурыз. ҚазТАГ - Қытай азық-түлік қауіпсіздігі саласындағы қылмыс үшін өлім жазасына дейін қолданатын болды, деп жазады Синьхуа.

«Қытайдың жоғарғы кеңесінің тұрақты комитеті ҚХР қылмыстық кодексіне түзетулерді бекітті, ол бойынша зорлыққа байланысы жоқ 10 қылмыс үшін өлім жазасы алынып тасталды, сонымен бірге азық-түлік қауіпсіздігі саласындағы қылмыс үшін өлім жазасы енгізілді», - деп 2-ші наурыз күні баспасөз мәслихатында Қытай халықтық саяси консультативтік кеңесінің 11-ші шақырылымының 4-ші сессиясының өкілі Чжао Цичжэн мәлімдеді», - деп жазады агенттік.

«Бұл дегеніңіз - Қытайлық үкіметі азық-түлік қауіпсіздік мәселесіне ерекше назар аударып, оған қатысты жазаның қатаң түрін қолданып отырғанын көрсетеді», - деді ол.

Чжао Цичжэннің айтуынша, азық-түлік қауіпсіздігі саласында ең жоғарғы жазаны қолдану қорқыту сипатындағы шара, бірақ одан да маңыздысы, барлық мүдделі мемлекеттік органдар күнделікті жұмыстарын қалыпқа келтіріп, азық-түлік айналымына мұқият бақылау орнату керектігін көрсетеді.

0 пікір