Жексенбі, 19 Мамыр 2024
3313 5 пікір 6 Тамыз, 2018 сағат 09:44

Қазақстан әскери мақсатта Ресейдің ГЛОНАСС жүйесін қолданады

Ресей әскері Қазақстанға әскери мақсатта ГЛОНАСС жүйесін қолдануға берді. Бұл туралы РИА Новости Қазақстанның қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне сілтеме жасап хабарлады.

Ақпарат агенттігі сарапшы Виктор Мураховский (ол "Арсенал отечества" журналының бас редакторы ретінде таныстырылды) пікірін келтірген. Оның айтуынша, аса жоғары дәлдіктегі ГЛОНАСС жүйесі теңіздің үстінде мәліметтерді анықтау үшін керек.

"Бұл жүйе әскери техника, команда пунктері орналасқан орынды анықтау үшін керек", - деді Мураховский.

"Информбюро" порталының мәліметіне қарағанда, Роскосмос ГЛОНАСС станцияларын 2017 жылдың аяғына дейін Астана және Қызылорда қалаларында орналастыруды жоспарлаған.

Бұған дейін Ресей бұл жүйені Алжир мен Үндістанға пайдалануға берген. ГЛОНАСС - ресейлі спутникті навигация жүйесі.

Abai.kz

5 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2146
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2552
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2367
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1661