Жұма, 26 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2768 0 пікір 3 Наурыз, 2011 сағат 04:36

Роналдоның қоштасу матчында Бразилия мен Румыния командалары ойнайды

АСТАНА.  3 наурыз. ҚазАқпарат  - Бразилия мен   Румыния  құрамасының арасында  өтетін атақты   футболшы Роналдоның  қоштасу    матчы     7 маусымда Сан-Паулуда    өтеді, деп   хабарлады «Маяк» радиостансасынан.

Теңбіл доп  шебері     Бразилия  құрамасының   қатарында     соңғы рет алаңға    2006   жылы Германияда  өткен  әлем чемпионатында  шыққан еді.    Сол  жолы  Бразилия       ширек финалда  Франциядан  0:1  есебімен жеңіліп,       жарыс  жолынан   шығып  қалған боатын.

Одан кейін   жалғасқан жарақаттар   Роналдоға     өз  елі  үшін   өнер көрсетуге мүмкіндік бермеді.   Өткен  айда    футболшы  мәлімдеме  жасап, соңғы   уақытта    денсаулығы сыр бере бастағандықтан      үлкен спортпен қоштастындығын жария етті.

Роналдо  екі рет әлем  чемпионы, ФИФА   нұсқасы  бойынша үш рет  жылдың  үздік   футболшысы   атанған.

0 пікір