Дүйсенбі, 29 Сәуір 2024
3517 0 пікір 1 Тамыз, 2018 сағат 17:39

Түрмеде отырған "Ата Мекен" лидері Өмірбек Текебаев ауруханаға жатқызылды

Қырғызстан парламентінің бұрынғы депутаты, түрмеде отырған Өмірбек Текебаев 31 шілдеде ұлттық кардиология орталығына жатқызылған. Бұл жөнінде жазаны атқару мемлекеттік қызметі хабарлады.

"Өмірбек Текебаев денсаулығы нашарлағаннан емес, тексерілу үшін ауруханаға жатқызылды. Ол конвойдың бақылауында. Ауруханада қанша уақыт жататыны белгісіз", - деп хабарлады мемлекеттік жазаны атқару қызметінің баспасөз қызметі.

"Ата мекен" партиясының лидері Өмірбек Текебаев және Қырғызстанның Оңтүстік Кореядағы бұрынғы елшісі Дуйшенкул Чотонов 2017 жылдың ақпан айында ұсталған. Олар 2010 жылы Ресей азаматы Леонид Маевсийден "Мегаком" компаниясының акциясын сатып алуға көмектесу үшін 1 млн доллар пара алды деп айыпталып, сегіз жылға бас бостандықтарынан айырылған.

Сотталушылар өздеріне тағылған айыптарды мойындамайды, саяси астары бар деп біледі.

Abai.kz

0 пікір