Жұма, 26 Сәуір 2024
3508 0 пікір 24 Шілде, 2018 сағат 10:02

Мәскеуде екі өзбекстандық балаларды кепілге алған

Мәскеуде суық қаруланған екі өзбекстандық Бішкектен келген қыздар жалға алып тұратын үш бөлмелі пәтерге басып кіріп, балаларын кепілге алған. Бұл жөнінде "112" телеграм-канал хабарлайды.

Сол уақытта пәтерде қыздардың біреуі ғана кәмелеттік жасқа толмаған екі баламен қалған. Келіншек пәтерден қашып, полицияға хабарлап үлгерген.

Оқиға орнына СОБР қызметкерлері келіп, екі баланы құтқарған. Зардап шеккендер жоқ.

Abai.kz

0 пікір