Сенбі, 27 Сәуір 2024
3293 1 пікір 23 Шілде, 2018 сағат 14:33

М.Бутина "ресейлік агенттермен" жұмыс істесті деген күдікке ілінген

АҚШ-та "ресейлік агенттермен" жұмыс істесті деген күдікке ілінген ресейлік Мария Бутина Вашингтондағы жоғары шенді шенеуніктермен бұған дейін белгілі болғаннан да ауқымды байланыс орнатқан деп хабарлады Reuters агенттігі.

БАҚ мәліметінше, Бутина 2015 жылы ресейлік екі шенеуніктің сол кездегі АҚШ Федералдық резерв жүйесінің вице-төрағасы Стэнли Фишермен және қаржы министрінің халықаралық мәселелер бойынша орынбасары Натан Шитспен кездесуге қатысқан.

Бутина АҚШ-қа 2015 жылы сол кезде Ресей Орталық банкі төрағасының орынбасары болған Александр Торшинмен бірге барған. Фишермен және Шитспен кездесуде олар сол кездегі АҚШ президенті Барак Обама әкімшілігі тұсындағы Ресей-АҚШ экономикалық қарым-қатынасын талқылаған.

Кездесуді Вашингтондағы сараптамалық ұйым - Ұлттық мүдделер орталығы ұйымдастырған. "Америка дауысы" радиосының хабарлауынша, сыртқы саясат саласында жұмыс істейтін бұл ұйым көбіне ресейшіл позицияны ұстанады.

Abai.kz

1 пікір