Сенбі, 4 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3245 0 пікір 26 Ақпан, 2011 сағат 08:18

Латвия Президенті Ригада Каспий-еуропалық ықпалдастық іскерлік клубы өкілдерін қабылдады

АЛМАТЫ. 26 ақпан.  ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Латвия Президенті  Валдис Затлерс  Ригада Каспий-еуропалық ықпалдастық іскерлік клубына (CEIBC) мүше-компанияларының өкілдерін қабылдады,деп хабарлайды  CEIBC баспасөз клубы.

Тельман Алиев бастаған CEIBC делегациясымен екі жақты кездесу барысында Латвияның даму жоспары мен экономикалық әріптестік мәселесі сөз болды. Сондай-ақ Каспий-еуропалық ықпалдастық іскерлік клубының Балтық бойындағы өкілдігін ашу мәселесі талқыланды. В. Затлерс  өз сөзінде ұйымның жұмысына қолдау білдіретіндігін жеткізді.

CEIBC 2002 жылы «Caspian Energy» халықаралық медиа тобының және Каспий-Қара теңіз аумағында жұмыс істейтін мұнайгаз компанияларының  қолдауымен құрылған болатын. Құрметті төрағасы Әзірбайжан президенті Ильхам Алиев. Клубтың алғашқы кезде құрылтайшылары Әзірбайжан, Ресей мен Қазақстан болатын. Қазіргі кезде 500 компания мен әлемнің 50 елі мүше.Клубтың мақсаты- Каспий мен Қара теңіз, Балтық жағалауында бизнесті дамытуға қолайлы жағдай туғызу, ірі компаниялар мен шағын және орта бизнестің ықпалдастығын арттыру, мұнайгаз саласының табысын басқа салаларды дамытуға тарту.

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1229
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1128
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 866
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1007