Бейсенбі, 2 Мамыр 2024
Дидар-ғайып 5452 11 пікір 19 Шілде, 2018 сағат 16:39

Денис Тен қайтыс болды

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы, 2014 жылғы қысқы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Денис Тен қайтыс болды.

Олимпиада ойындарының жүлдегерін Алматыда белгісіз екі жігіт  пышақтап кеткені туралы ақпарат жария болған. Бұл туралы Әлішер Елікбаев хабарлады.

"Бұл нақты мәлімет, бірақ мән-жайын білмеймін", - деген еді Елікбаев.

Спортшы жансақтау бөліміне жеткізілген. Оқиға бейсенбіде түскі уақытта Құрманғазы мен Байсейітова көшелерінің қиылысында болған. Ол Орталық қалалық клиникалық аурухананың жансақтау бөлімінде бақилық болды.

Денист Тен - ҚР еңбек сіңірген спорт шебері, 2014 жылғы қысқы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері.

Abai.kz

11 пікір

Үздік материалдар