Жексенбі, 19 Мамыр 2024
3224 2 пікір 19 Шілде, 2018 сағат 12:19

Ресми жауап. Парижден 65 миллион еуроға пәтер алған адам шенеунік емес екен

Қазақстанның мемлекеттік кіріс комитеті Парижден 65 миллион еуроға пәтер сатып алған адамдың кім екенін анықтаған. Бірақ "салық құпиясына" сілтеп, аты-жөнін жарияламады. Бұл жөнінде мемлекеттік кіріс комитетінің төраға орынбасары Мади Такиев мәлімдеді.

«Біз Франциядағы әріптестерімізге сұрау жібердік, жауап келді. Бірақ салық төлеуші өзінің аты-жөнін жарияламауға рұқсат бермеді, сол себептен біз хабарлай алмаймыз. Бұл салық құпиясы. Пәтерді заңды жолмен сатып алған, салығы төленген. Ол кірісін жариялап, салығының төленгенін көрсетті. Бұл оның ақшасы. Ол мемлекеттік шенеунік емес», - деді Такиев.

Осыған дейін шетелдік және жергілікті БАҚ-та Қазақстан үкіметінің өкілі Парижден 65 миллион еуроға пәтер сатып алғанын жарыса хабарлаған. Бірқатар баспасөз Елисей алаңында орналасқан пәтердің суреттерін де жариялаған.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2146
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2551
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2365
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1661