Бейсенбі, 16 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2889 0 пікір 24 Ақпан, 2011 сағат 04:45

Ақтөбеде шаруаларға мал тұқымын асылдандырып, ірі қараны экспорттау міндеттелді

Ақтөбе облысында мал тұқымын асылдандыру жолға қойылмақ. Өңірде осы мақсатта 4 ірі шаруашылық құрылып, 170 шаруа қожалығына қаржылай көмек көрсетіледі. Бұл «Ірі қара мал етінің экспорттық әлеуетін дамыту» жобасы аясында жоспарланған іс. Оны жүзеге асыру үшін ауыл шаруашылығын қолдау қорлары шаруаларға төмен пайызбен несие беруге дайын. Алайда, шалғайдағы қожалық басшылары қарызға ақша алуға құлықсыз. Себебі, кепілге қоятын мүлкі жоқ немесе оның құны өте төмен.   Әлия Таласова, тілші: Қойшан Темірғалиев кәнігі шаруа. 10 жылдан бері мал басын көбейтуді жолға қойған ол бар істің қаржыға тірелетінін айтады. Төрт түлікті тең өргізу Қойшанның көптен ойға алған шаруасы. Ол үшін талай банктің есігін тоздырды. Кепілдікке салған үйі түкке тұрғысыз болып шықты. Ал мал басы аз. Оны көбейтуге шаруа әлі қол жеткізе алмай келеді. Қойшан Темірғалиев, Шаруа қожалығының иесі: Оған несие арқылы қол жеткізе аламыз. Жоғарыдағылар жәрдем етіп,жерді залогқа алғызу керек банк басқа ештене алмайды. Ауылдағы саман үйлер өтпейді. Техникалар көне. Трактор, ол трактор баяғы коммунисттік партияның уақытынан қалған. Оның да құны төмен. Сондықтан тек қана жер. Көп пайызды несие, құжатбастылық, кепілдіктің жоқтығы. Бұл баршаға ортақ мәселе. Шаруаларды мұндай тығырықтан шығару үшін үкімет жеңілдетілген несие ұсынып отыр.

Ақтөбе облысында мал тұқымын асылдандыру жолға қойылмақ. Өңірде осы мақсатта 4 ірі шаруашылық құрылып, 170 шаруа қожалығына қаржылай көмек көрсетіледі. Бұл «Ірі қара мал етінің экспорттық әлеуетін дамыту» жобасы аясында жоспарланған іс. Оны жүзеге асыру үшін ауыл шаруашылығын қолдау қорлары шаруаларға төмен пайызбен несие беруге дайын. Алайда, шалғайдағы қожалық басшылары қарызға ақша алуға құлықсыз. Себебі, кепілге қоятын мүлкі жоқ немесе оның құны өте төмен.   Әлия Таласова, тілші: Қойшан Темірғалиев кәнігі шаруа. 10 жылдан бері мал басын көбейтуді жолға қойған ол бар істің қаржыға тірелетінін айтады. Төрт түлікті тең өргізу Қойшанның көптен ойға алған шаруасы. Ол үшін талай банктің есігін тоздырды. Кепілдікке салған үйі түкке тұрғысыз болып шықты. Ал мал басы аз. Оны көбейтуге шаруа әлі қол жеткізе алмай келеді. Қойшан Темірғалиев, Шаруа қожалығының иесі: Оған несие арқылы қол жеткізе аламыз. Жоғарыдағылар жәрдем етіп,жерді залогқа алғызу керек банк басқа ештене алмайды. Ауылдағы саман үйлер өтпейді. Техникалар көне. Трактор, ол трактор баяғы коммунисттік партияның уақытынан қалған. Оның да құны төмен. Сондықтан тек қана жер. Көп пайызды несие, құжатбастылық, кепілдіктің жоқтығы. Бұл баршаға ортақ мәселе. Шаруаларды мұндай тығырықтан шығару үшін үкімет жеңілдетілген несие ұсынып отыр. Қаржы 7 жылға, оның ішінде 2 жыл жеңілдікпен беріледі.   Боташ Күзембаев, «ҚазАгроӨнім» АҚ атқарушы директоры: Аграрлық несие корпорациясы фермерлерді жеңілдетілген несиемен қаржыландыратын болады. 7 жылға 6 пайыздық үстемеақымен беріледі. Құжаттары түгел болса болғаны, кепілдікке сатып алған мал басы қойылады. Ол үшін шаруашылықтың мал басы 100-бен 200 аралығында болуы керек. Жеңілдетілген несие мал басын көбейтуге бағытталады. Сондай-ақ, ірі қара тұқымын асылдандыру жолға қойылып отыр. Елбасы елде мал шаруашылығын дамытып, етін көрші елдерге шығаруды міндеттеген болатын. Экспортқа жету үшін ақтөбелік шаруаларға кемінде 5-6 жыл қажет.   Сағидолла Қауқақов, «ҚазАгроөнім» АҚ аймақтық менеджері: Сыртқа шығарылатын 1 сиырдың жарты еті кемінде 120-150 келі, ал бізде 80-90-нан аспайды. Ол сондықтан конкуренцияға жарамайды. Басқа елдер алғысы келмейді. Сондықтан малдың салмағын арттыруымыз керек. Жазғытұрым Қазақстанға Канададан 8 мың герефорд бұқасы әкелінбек. Ақтөбелік шаруаларға да үлестіріледі. Мал тұқымын асылдандыру үшін салмақты ірі қараны көбейту көзделіп отыр. Ақтөбе облысында осы бағытта жұмыс истейтын 4 ірі шаруашылық құрылады. 60 мың сиыр бордақылайтын тағы 4 алаң ашылмақ. Жоба оң нәтижесін берсе  экспорттық әлеуетті арттыруға мүмкіндік туады.  

Әлия Таласова

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2073
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2500
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2117
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1611