Бейсенбі, 16 Мамыр 2024
Арылу 7796 13 пікір 13 Шілде, 2018 сағат 04:23

"Еркек - есек, әйел - төсек" болғаны ма?! 

Ат қоюда, қазақта еліктеуден бұрын қазақтың ырымшылдығы алда тұр деп ойлаймын.

Бұрынғы радикалданбаған сопылық дін кезінде дін қазақ болмысынан алшақ болмап еді. Сондықтан қазақ діннен "жамандық" іздемеген, бірақ, діннің кейбір тұстарын ашық әжуалап, қорықпай сынап отырған. Әсіресе, дүмше молдасымақтарды жер ғып тастауға қаймықпаған.

Сөз жүзінде молданың айтқан "Алланың құлысың" дегенге бас шұлғи салғанымен, өз рухани дүниесінде қазақ ешқашан өзін "құл" сезінбеген. "Құлсың!" дегенге тек "Алла разы болсын" деп қана үнсіз мойынсынған: "Одан құл болып қалмаспын" деп...

Ал күнделікті тірлікте қазақты халық ретінде біріктіріп, ортақ іске шақыратын рухани әлем "ұлттық тәрбие жүйесі" болған. Сондықтан, қазақ билері үнемі де "Жақсы не?, Жаман не?" деген сарында өсиетті толғаулар айтып, ұлттық сананың біртекті және біртұтас болып қалыптасуына әсер еткен.

Онымен қоса, бүкіл 40 рулы қазаққа тән ортақ мақал-мәтелдері болды. Оларды әрбір тіршілік ситуацияларына және жағдайларға сай орынды қолдана отырып, халық өзінің бөлшектенбеген дүниетанымын қалыптастырған.

Ненің арлы, ненің арсыз екендігін осы өлшемдермен санаға сіңдіріп отырған...

Ал қазір болса, осы жүйені араби нұсқадағы өлшемдер алмастырып барады. Ондағы айтылатын кейбір "мінез-құлық стандарттары" тіптен, қазақ ұғымына жат, анайы екені де рас.!

Мысалы, оның жарқын көрінісі - қыз балаға тек "еркектің құмарлық обьектісі" деп санайтын араб дүниетанымы!

Қазақ халқы руласып отырғандықтан, әрі, руласына үйленуге тиым болғандықтан, қыз баласына (біреуге әкпе, біреуге қарындас) ешқашан "нәпсә обьектісі" деп қарамаған. "Қыз - жат жұрттық" деп біршама еркін ұстаған, "қызға қырық үйден тиым" деп, қызды тәрбие шеңберінде ұстап, елдің абыройлы болуын да ойлап отырған. Кеткен қызға "тастай батып, судай сің" деу арқылы "сол елдің ұрпағын жалғастыр" деп қыздың барған жері мен еліне де құрмет көрсетіп, "мың жылдық" құдалар болуға ұмтылған...
Міне, мұның бірі де араб халқында жоқ.

Ал арабтардың ыстық құмда салып алған жертелөлерінің ішінде нендей айуандық болып жатқандарын кім білген?...

Енді сол "айуандықтар" арабтар арқылы "діни пәтуаларға" айналып, біздің де басымызды қатыра бастады.

Бір жағынан Батыстың ашық порнографиясы, екінші жағынан "арабтың нәпсіқұмарлық дүниетанымы" қазақтың санасын сансыратып жіберді!
Қазақ ежелден әйел баласына АНА деумен бірге, серіктес, қанаттас жауынгер деп қараған. Әйел қазақ үшін тек құмарлық обьектісі емес (махаббатты, әсемдікке ұмтылыс сезімін жоққа шығармаймын), ол ұрпақ жалғасуын қамтамасыз ететін ана, жар, қосақ және т.т.

Мінеки, осы дүниетанымды құрту - арабқа да, қытайға да, Батысқа да қазақтың кең даласы мен әйел-қыздарының ыстық құшағына енуге жол ашады екен. Олар соны жасап жатыр.

Ал олардың "агенттері - өзіміздің радикалданған дүмшелеріміз.

Сенбесеңіздер "дүмшенің" әңгімесіне құлақ салыңыздар - сөздерінің 90 пайызы "секс" туралы.Басқаша айтқанда: 1. Көп қатын алу. 2. "Әйелдер, қолдарыңды жасырыңдар, беттеріңді жасырыңдар, жасырмасаңдар шаруаларың біткені, өйткені, еркек деген хайуан бар, бірден саған асыла жөнеледі" дейді...

Ендеше, осы уағызда айтылғандай: "еркек - есек, әйел - төсек" болғаны ма?!
Қазақтың адамгершілік ұғымы қайда қалған?

Әбдірашит Бәкірұлы

Abai.kz

13 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2073
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2500
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2116
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1609