Бейсенбі, 2 Мамыр 2024
3986 1 пікір 13 Шілде, 2018 сағат 04:15

Ташкентте Шыңғыс Айтматовтың құрметіне көше берілді

Ташкент халық депутаттары қалалық кеңесі Юнусабад ауданындағы Бодомзор йули көшесін қырғыз жазушысы Шыңғыс Айтматовтың құрметіне оның есімін беру жөнінде шешім шығарды.

«Өзбек-қырғыз қарым-қатынасында жаңа кезең басталған кезде, Шыңғыс Айтматовтың әдебиетте қалдырған мұрасы біздің халық үшін үлкен маңызға ие», – деп атап өтілген қаулыда.

Шыңғыс Айтматов 1995 жылы Өзбекстанның «Дустлик» орденімен, 1998 жылы «Буюк хизматлари учун» орденімен марапатталды.

Осыған дейін Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев Шыңғыс Айтматовтың 90 жылдық мерейтойын елде атап өту жөнінде жарлық шығарған.

Сонымен бірге арнайы шара аясында естеліктерден тұратын «Шыңғыс Айтматов және Өзбекстан» деп аталатын кітап жарыққа шықпақ. Жазушы жайында деректі фильм де түсірілді. Ташкент облысы, Паркент ауданының №33 мектебінде жазушы мүсіні орнатылды.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 400
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 219
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 236
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 230