Сейсенбі, 14 Мамыр 2024
3694 1 пікір 11 Шілде, 2018 сағат 13:48

Қазақстан банктері Өзбекстан нарығына шығады

Қазақстандық банктер енді Өзбекстанда бөлімшелерін аша алады. 10 шілдеде Қазақстанның Ұлттық банкі мен Өзбекстанның Орталық банкі бөлімше ашу жөніндегі келісімге қол қойылды.

«Біз банктік қадағалау саласында ақпарат алмасу туралы келісімге қол қойдық. Бұл қазақстандық банктерге Өзбекстанда еншілес бөлімшелерін ашуға мүмкіндік береді» деді журналистерге арналған брифингте Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев.

Ақышевтің айтуынша, "қазақстандық банктер көрші елдерде жұмыс істеуге мүдделі, себебі нарық үлкен және халық көп болғандықтан кіріс көзі".

Былтыр қыркүйекте Өзбекстан билігі жеке және заңды тұлғалардың шетел валютасын сатып алуға тәуелділігін болдырмас үшін валюта саясатын либералдандыруды көздейтінін жариялаған.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1983
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2378
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1946
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1572