Сәрсенбі, 15 Мамыр 2024
3673 4 пікір 11 Шілде, 2018 сағат 13:47

Шымкенттік белсенді отбасымен наразылыққа шығып, үстіне бензин құйды

Шымкентте шілденің 10-ы күні азаматтық белсенді Нұржан Мұхаммедов жанұясымен бірге қала әкімдігі алдында полицияның өзін аңдып, қудалауын тоқтатуды талап етіп, наразылық акциясын өткізді.

Мұхаммедов әкімдік алдына наразылық танытуға бес баласы және әйелімен бірге шықты. Балалары қолдарына "Біз құл емеспіз. Қудалауды тоқтат" деп жазылған ақ парақтар ұстап шықты.

Мұхаммедов 10 мамырда "саяси тұтқындарды босату талабымен митингіге шыққаны" үшін әуелі ескерту алып, кейін мамырдың 25-інде 10 тәулік әкімшілік қамауға алынған, 4 маусымда босап шыққан. Ол содан бері полиция қызметкерлерінің өзін аңдып, түрлі қысым көрсете бастағанын айтып, өзін қала әкімімен кездестіруді талап етті. Бірақ ол өзіне қысым жасала бастағаны туралы еш жерге шағымданбаған.

Қала әкімі шықпаған соң, Нұржан Мұхаммедов әкімдік алдында өзімен ала келген бензинін үстіне құйып, өртемек болған. Қолына отжаққыш алып алған белсенді қасына ешкімнің жоламауын талап етті.

Осы уақытта қала әкімінің орынбасары Қайрат Нұртай шығып, белсендімен әңгімелесті, оған ішке кіріп сөйлесуді ұсынды. Қайрат Нұртай белсендінің шағымына байланысты полицейлерге қызметтік тексеру жүргізілетінін айтты.

Белсенді өзінің қала шетіндегі ықшам ауданда пәтер жалдап тұрып жатқанын, бірақ таяуда пәтер иесі учаскелік полицей өзіне айыппұл салатынын айтқан соң белсендінің отбасын пәтерден шығарып жібергенін айтты. Олар қазір өздері жұмыс істейтін дүкеннің қоймасында тұрып жатыр.

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2018
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2436
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2016
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1586