Дүйсенбі, 29 Сәуір 2024
3082 0 пікір 10 Шілде, 2018 сағат 11:07

Ресейде еңбек мигранттарын тіркеу тәртібін қатайтын заң күшіне енді

Ресейде еңбек мигранттарына арналған тіркеу ережесін қатайтатын заң күшіне енді. Бұл құжатқа Ресей президенті Владимир Путин маусым айының аяғында қол қойған. Енді бұдан былай мигранттарды жұмыс орнында тіркей алмайды.

Шетелден келетін еңбек мигранттары енді тек тұратын мекен-жайында ғана тіркелуге тиіс. Осыған дейін жұмыс берушілер мигранттарды кәсіпорынның заңды адресіне тіркей беретін.

Көптеген эксперттер жаңа ережені орындау көптеген мигранттарға мүмкін емес дейді. Сондықтан олар заңсыз әдіске көшуі мүмкін, ал ресейлік полиция үшін мигранттардан қосымша ақша алуға жақсы мүмкіндік, бұл құқық қорғау органдарындағы жемқорлықты одан сайын көбейтеді деп отыр.

Ресми мәлімет бойынша, қазіргі кезде Ресейде тоғыз миллион еңбек мигранты бар.

Abai.kz

0 пікір