Жұма, 26 Сәуір 2024
46 - сөз 5059 0 пікір 3 Шілде, 2018 сағат 12:03

Жапон халқы "халтура" деген түсінікті білмейді-ау...

Жалпы Жапон халқы "халтура" деген түсінікті білмейді-ау. Кешегі ойында 2-0 есебімен жатып алып, құлап, уақыт созып ойнаймын десе өз еркінде еді. Бірақ атасынан келе жатқан тәрбие болса керек, "адал" болуға тырысқандардың тас-талқанын шығарып, кэмбек жасаған Белгия мәз.

Ойыннан кейін түйген ойым: Жапония бастаған Оңтүстік Корея бар, әлемнің жарты шары Азия бөлігінде футбол бар екенін, бұл тек көрсеткен сесіміз, керек болса тартып аламыз дегендей болды.

Мен үшін кешегі ойындағы комбинация мен пас жағынан ұтқан Жапондар болды. Белгия мықты болса ойын тізгінін қолына алып, басынан гол салып есін шығару керек еді.

Жамандық жеңіп жатып, жақсылық соңында жеңіске жететін секілді милизм мен драмаға толы ойынның куәсі болдық. Рақмет саған, Самурай елі!

Марғұлан Ақанның Facebook-тегі парақшасынан

Abai.kz

0 пікір