Сенбі, 27 Сәуір 2024
3824 0 пікір 2 Шілде, 2018 сағат 12:29

Испания-Ресей. 1/4 финалға Ресей өтті (Бейне)

Ресей құрамасы футболдан әлем чемпионатының 1/8 финалында Испания командасын жеңді. Матчтың негізгі уақыты 1:1 есебімен тең аяқталды, ресейліктер қарсыласынан пенальти сериясында басым түсті.

Ресей құрамасы совет заманына бері алған рет футболған әлем чемпионатының ширек финалына өтті.

Ойынның алғашқы минутынан-ақ испан футболшылары алаңда басымдық танытты. Дегенмен 12-минутта Сергей Игнашевич испан Серхио Рамоспен тайталас кезінде қате жіберіп, өз алаңына гол соғып алды. 42-минутта Ресей есепті теңестірді, пенальтиді Артем Дзюба соқты.

Ресей құрамасы ширек финалда Хорватия және Дания құрамалары арасындағы матч жеңімпазымен кездеседі.

Abai.kz

0 пікір