Жұма, 10 Шілде 2020
COVID-19 ҚАЗАҚСТАНДА. Жұқтырғандар — 54747. Жазылғандар — 31815. Қайтыс болғандар — 264
Жаңалықтар 2195 1 пікір 1 Шілде, 2018 сағат 01:03

Қазақстан Тәжікстанға газ жеткізуді 40 пайызға қысқартқан

Тәжікстанда сұйылтылған газдың күрт қымбаттап кетуін Қазақстаннан көгілдір отынды жеткізудің 40 пайызға қысқаруымен байланыстырды. Бұл туралы тәжік нарығына газ жеткізумен айналысатын "Фароз" компаниясы хабарлады.

Компания басшылығының 27 маусымда таратқан ресми мәлімдемесінде фирма елде газ бағасының көтерілуіне мүдделі еместігі айтылған. "Фароз" ішкі нарықтағы газ бағасын алдағы айларда арзандатуға уәде берді.

Бұған дейін Тәжікстанның монополияға қарсы қызметінің Соғды облысы бойынша басшысы Носир Акмалзода қазақстандық компания отынның бір тоннасының құнын 384 доллардан 587 долларға дейін өсіріп жібергенін мәлімдеген.

Қазақстандық ақпарат құралдарының хабарлауынша, сұйылтылған газ бағасы Қазақстанда биыл қаңтар айында көтерілген. Мамыр айында қазақ парламенті газ және газбен қамту туралы заң жобасын мақұлдады. Құжат өндірушілерге газдың көтерме бағасын шығын шықпайтындай етіп көтеруге жол береді.

Abai.kz

1 пікір