Дүйсенбі, 6 Мамыр 2024
3669 1 пікір 13 Маусым, 2018 сағат 11:38

Украина Ресейге қарсы БҰҰ сотына шағымданды

Украина БҰҰ Халықаралық сотына Ресейге қарсы терроризмді қаржыландырып, нәсілдік кемсітушілік туғызып жатыр деп шағым түсірген. Бұл жөнінде Украина президенті Петр Порошенко мәлімдеді.

Ол БҰҰ Халықаралық соттың 12 маусым – Ресей күнінде меморандум берілуін белгілеуді символикалық деп атады. "Меморандумда сот тәжірибесі үшін өте көп дәлелдер бар", – деп жазады Порошенко Фейсбуктегі парақшасына.

Украина сыртқы істер министрі Павел Климкин Твиттер арқылы меморандум 29 томнан, 17,5 мың беттен тұрады деп жазды.

Украина сыртқы істер министрінің еуропалық интеграция мәселелері жөніндегі орынбасары Елена Зеркаль Мәскеу "Грузияның Ресейге қарсы ісі" секілді әрине қарсы тұрады. Оның пікірінше, бұл істі қарауға кемінде бір жарым жыл уақыт кетеді.

Киевтің қаңтар айында түсірген шағымында Ресейді "терроризмді қаржыландырды" деп тануын талап етеді, сонымен бірге Ресейден Донбасс сепаратистерін қаржыландыруды тоқтатып және Донецкте апатқа ұшыраған малайзиялық "Боинг" ұшағының атып түсіргенін мойындап, өтемақы төлеуді талап етеді.

БҰҰ Халықаралық соты 19 сәуірде Украина талабын жартылай қанағаттандырып, Ресейді қырым татарлары құқығына қысым көрсетпеуін және Қырымда украин тілін оқытуға мүмкіндік беруін орындауға шақырған. Сол кезде Ресей СІМ БҰҰ соты Украинаның "Қырым мәртебесі туралы" шағымын қолдамауын маңызды деп атап өткен жөн деген.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1493
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1349
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1095
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1137