Жексенбі, 5 Мамыр 2024
46 - сөз 5184 1 пікір 4 Маусым, 2018 сағат 09:34

Шенділердің ауызашары

Біздің бастықтар мен шенділердің ауызашар бергені де қызық. Бір-бірінің көңілін аулағандай болып, бір үлкен мейрамханаға өздері сияқты өңшең байшыкештерді жинап алады. Оны және жылда кеп жарнамалайды ғой!

Олар сол тамаққа мұқтаж да емес қой, қарап тұрсаң... Көбі аузын да бекітпеген.

Мұсылман елдеріне, тіпті мына өзіміздің қандасымыз түркиялықтарға қараңдаршы, президенті қарапайым халыққа арнап ауызашар беріп, өзі солардың арасында әңгімелесіп отырады. Бізде осындай қарапайымдылық, аскетизм жоқ. Европа мен Американың атақты адамдары көшедегі асханада халықпен бірге тамақтана береді.

Ауызашар бергің кеп бара жатса, халыққа бер, ашқұрсақ жүрген талай адамның алғысын аласың сонда. «Бәленбай ауызашар берген жылы» деп, аузынан тастамай айтып жүретін еді олар.

Нағыз сауап деген, меніңше, осы!

Жолымбет Мәкіштің Facebook-тегі парақшасынан

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1374
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1205
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 953
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1047