Дүйсенбі, 29 Сәуір 2024
3095 3 пікір 4 Маусым, 2018 сағат 08:59

Қазақстанда барлық ұялы телефондарды есепке алатын болады

Қазақстан билігі "Байланыс туралы" заңға өзгерістер енгізді. Оған сәйкес, ұялы телефондар азаматтардың жеке мәліметіне енгізілетін болады. Биылдан бастап елде ұялы телефондардың IMEI-кодын тексеру басталады.

Қазақстан тұрғындары 2018 жылдың соңына дейін мобильді телефондарының IMEI-кодын тіркету керек. Болмаса, байланыссыз қалады. Қазақстандағы ұялы операторлар байланысы тұтынушыларына ескерту СМС-терін жіберіп жатыр. Онда 2019 жылдың қаңтарынан бастап телефон коды тіркелмеген тұтынушылардың байланысын үзетінін ескерткен.

IMEI код – бұл телефонның бірегей идентификациялық коды. Оны зауытта өндірушілер меншіктейді, бұл телефон желіге қосылған кезде операторға байланыс беріп тұрады.

Қазақстан билігі қосымша тіркеудің қажеттігін елде телефон ұрлау оқиғаларының көбейгенімен түсіндіреді. Қылмыстың ашылуы - небәрі 5 пайыз.

"Біз Қазақстанда мобильді телефондарды ұрлауды тиімсіз етеміз. Код тіркелген жағдайда, телефон басқа сим-картамен жұмыс істемейтін болады", – дейді Қазақстанның ақпарат және байланыс министрі Дәурен Абаев.

Abai.kz

3 пікір