Дүйсенбі, 29 Сәуір 2024
2574 0 пікір 4 Маусым, 2018 сағат 08:47

Қытай Қырғызстанға 70 млн доллар грант бөлді

Қырғызстан үкіметі мен Қытай Бішкекке қарызсыз 450 млн юань (70 млн-нан астам АҚШ доллары) ақша бөлу жөнінде келісімге қол қойды.

Қырғызстанның экономика министрлігі астананың автокөлік жолдарын жөндеуге арналған жобаға Қытай 350 млн юань бөліп жатыр деп мәлімдеді.

Тағы да Кум-Добо (Кочкор-Башы), Мынакелди мен Бурана (Баласұғын) қалаларында археологиялық қазба жұмыстарын жүргізу үшін 100 млн юань бөлмек.

Экономика министрлігінің түсіндіруінше, Бішкек қаласы жолдарын жөндеу жұмыстары үш кезеңмен жүзеге асады. Қазір бірінші кезеңнің жұмыстары жүріп жатыр екен.

Биыл аталған жобаға сәйкес, Бішкекте барлығы 105 шақырым болатын 50 көшені жөндеуден өткізеді. Жөндеу жұмыстарына бөлінген қаржыны Қытай көмек ретінде берген.

Abai.kz

0 пікір