Дүйсенбі, 29 Сәуір 2024
3326 3 пікір 29 Мамыр, 2018 сағат 10:03

Трамп: Солтүстік Кореяның мүмкіндіктері жоғары

АҚШ президенті Дональд Трамп Солтүстік Кореяға екі ел лидерінің кездесуін ұйымдастыру үшін ресми делегация барғанын растады. Келіссөз Оңтүстік Кореямен шекаралас Пханмунджомда өтпек.

24 мамырда Трамп Солтүстік Корея лидері Ким Чен Ынға хат жазып, 12 маусымда жоспарланған Сингапурдегі кездесуге бармайтынын жеткізген. Бірақ өткен сенбіде ол Ким Чен Ынмен жоспарланған кездесуге баруға ниетті екенін хабарлады.

Осыған дейін Ақ үй мен Мемлекеттік департаменттің отызға жуық қызметкері саммитке дайындалу үшін Сингапурге кеткені хабарланған.

Трамп Твиттер әлеуметтік желісі арқылы "Солтүстік Корея экономикалық және қаржылық жағынан алға жылжуына мүмкіндіктері зор" деп жазды.

Abai.kz

3 пікір