Сенбі, 4 Мамыр 2024
Көршінің көлеңкесі 6727 13 пікір 28 Мамыр, 2018 сағат 09:19

Бізге Қытай дос па, жау ма?

Қытайдағы қазақтарға жасалып жатқан заңсыздық, қылмыс, геноцидті тоқтату үшін жәбірленуші қазақтардың өздері, туған-туысқандары бірінші болып Қазақстанға, БҰҰ-на, халықаралық құқық қорғау ұйымдарына арызданып құқығын қорғауға ат салысуы – дұрыс қадам; заңдылыққа саяды. Әр адамның өз құқығын қорғауы, әр ұлттың өз хақын қорғауы – заңдылық. Ал Қазақ елі Қытайдағы өз ұлты өкілдерінің адамдық құқығын (кісілік құқығын) қорғауға, өз қандас-туыстарының ұлттық тілі мен мәдениетін сақтауға, қалыпты (дәстүрлі) діни сенімін сақтауға, олардың Қазақстандағы туған-туыстарымен барыс-келіс жасап араласып тұруына бірінші болып талаптануға тиіс. Сондай-ақ халықаралық құқық қорғау ұйымдары мен өзге елдер де өз кезегінде бұл іске көңіл бөліп, араласатын болады. Себебі заңсыздыққа, қылмысқа, геноцидке тұтас әлем халықтары қарсы. Керісінше, халықаралық ұйымдардың оған құлақ аспауы, араласпауы - БҰҰ, әлем елдері көрсе де көрмеске салып үнсіздік таныту арқылы заңсыздыққа, қылмысқа, геноцидке жол беріп, «кім күшті болса, сол тірі қалатын» жабайы жануарлар арасындағы табиғи сұрыпталу (естественный отбор) заңының адамзат қоғамында орын алуын астыртын қолдағаны болып табылады.

Достықтың шынайы мән-мағынасына, алғы шарттарына және диалектикалық қағиданың қатаң талабына орай, жай халық ел басшылары өзге елдермен дипломатиялық байланыста (дипломаттардың аузымен) жиі айтатын «тату көрші», «дос ел», «стратегиялық әріптес» т.б. сөздер сеніп үміт арта бермеу керек. Ешбір ел, ешбір ұлт сенімен көрші болғаны үшін, дос ел, дос ұлт болғаны үшін өз мүдесін қайырып қойып сенің жағдайыңды жасап бермейді. Дипломатияда екінші бір ел күштілігін көрсетіп желкеңе мініп алса да байланысымыз жақсы, доспыз деп айтылады. Екі елдің ШЫН МӘНІНДЕ дос не жау екеніне қарамастан  кездесулерде өзара құрметтеу, сен де жақсы мен де жақсы деген сыпайылықты жоғалтпау, мәдениеттілікті сақтау әрқашан артықтық етпейді. Себебі Жылы сөздерді бәрі де қуана қабылдайды. Бұл әрине сыртқы бет жүзі, форма ғана. Негізгі мақсаттарды жүзеге асырудың қарапайым әрі үйреншікті бір тәсілі ғана. Әрі халықарада қалыптасып қалған дипломаттардың сөйлеу дағдысы. Шын мәнінде сауатты дипломатиялық байланыс – «қой терісін жамылған қасқыр» болуға тиіс. Сырты қаншалықты мейірімді, көпшіл, қамқор немесе сырттай сыпайы, мәдениетті, сүйкімді, дос көрінгенімен, көрінбейтін ішінде бәрі бір өз елі, өз ұлтының көп түрлі бүгінгі және болашақ маңызды мүделері қорғау және жүзеге асыру сынды негізгі мақсаттары жатады. Өзінің жеке бас пайдасын қуып кетпеген, (жаудың) жұмсақ күшінің тұзағына түспеген дипломаттар әр қашан өз елінің, өз ұлтының мүделерін, құқықтарын, құндылықтарын елі мен ұлтының болашағын қорғауға тырысады. Сауатты, білікті дипломат өз көздеген мақсатына қол жеткізе алу үшін қарсы жақтың талмау, әлсіз, (бізге) тәуелді жерін дөп тауып, өзінің мақсатын (қорғайтын мүделерін) қарсы жақ жылы, дұрыс қабылдайтын сиқырлы  боямен әдемілеп бояп, құлағынан құйып (оның) жүрегіне сіңдіреді. Яғни, өзі іштей білетін мақсаты айқын, принципке берік, қоғамның даму заңдылығына сай, «тілі тәтті, діні қатты» болуға тиіс.

Ел мен ел, ұлт пен ұлт арасындағы достық құтты өмірдегі жеке адамдар арасындағы достыққа қатты ұқсап кетеді. Мысалы, (Құдай сақтасын) өмірде досыңның інісіне жала жауып соттатып, түрмеге қаматсаң; әкесінің жеке меншік жері мен кәсібін тартып алсаң; қарындасын зорлап ойыңа келгенді істесең; балаларын сойып ағзаларын сатсаң, яғни, досыңның мүдесіне қиянат жасасаң, заңды құқытарын аяқ астына таптасаң, ар-намысына тисең, қолыңнан келген бар қастығыңды жасасаң – қалай оның досы болып қала бересің? Осы істеген қиянаттарыңа көз жұма қарап шімірікпестен сен оны досым дегеніңмен ол сені досым деп бағалай ма? Мұндай жағдайда әлі достық қарым-қатынасы бар, достығы жалғасуда деп есептеуге бола ма? Жауабын халық өзі берсін.

Шын мәніндегі достықтың барлық мән-мағынасы жоғалған болса да тіліне «достық» сөзі жабысып қалған, екі сөзінің бірінде «достық, дос ел, дос халық» деп айту - сөйлеу әдетіне айналып кеткен, араларында достықтың ешбір шарттары сақталмаған, еш нышаны да қалмаған «достықты» дипломатиялық кездесуден тысқары жерде журналисттердің, ұсақ шенділердің (т.б.) азуымен халыққа айта беру, дәттей берудің пайдасынан зияны көп. Әр нәрсенің екі жағы (пайдалы және зиянды жағы, тиімді және тиімсіз тұсы т.б.) қатар жүретінін ешқашан ұмытпаған жөн.   

Меніңше мұндай құр сөз жүзінде айтылатын, мән-мағынасы мен мазмұнын жоғалтқан өтірік достықты аузынан тастамай айту және оны көрінген жерде дәріптеудің – халықты адастырудан басқа пайдасы жоқ. Баланы өтірік айтып тәрбиелесең, ол да өскенде өтірікші болады. Өтірікші болғанымен қоймай, ертеңгі күні ел басына күн туғанда «арандатушы», «жау шақырушы» деген ұрандарын көтеріп өз ұлтыңның мүдесі үшін күреспей, аса қажетті шындыққа, ақиқатқа, әділдікке, қарсы шығады. Ондайлардың саны аз да болса бар екенін бәріміз естіп те, көріп те жүрміз.

Аты бар заты жоқ «достықты» - төмендегі төрт түрлі адамдар жиі айтады.

1) Өзі тәуелсіз ел, тәуелсіз елдің азаматы бола тұра, дербес елдің негізгі саяси мақсаттарын түсінбейтіндер, Философиядағы диалектикалық қағидалардан сауаты төмендер. Бұл қағидалар айту тәсілі басқашалау болғанымен шын мәнінде «Құран Кәрим» де бар иделар. Біз бәріміз де (27 жастан жоғарылар) діні басқа, дінсіз өзгенің елінде туып, ержеткендіктен Құран Кәримді, Исламды дұрыс, терең түсіне алмадық. Осының өзі біздің көп адасуымызға себеп болуда.

2) Достықтың не екендігін, достық сөзінің ішінде қандай мән-мағына, қандай мазмұндар бар екендігін, достық қарым-қатынас болу үшін қандай алғы шарттардың міндетті түрде сақалатынын білмейтін, оған мән беріп, қыр-сырына үңіліп, санасына тоқымаған адамдар, журналисттер достық туралы терең түсінбегендіктен белгілі бір екі ел арасында достықтың ешбір белгісі болмаса да келсін-келмесін, кез-келген жерде халықтың санасын улап достық сөзін айта береді. Білмеген у ішеді. У денсаулық пен өмірге қауіп төндіреді. Сондықтан, дипломатиялық кездесуден тысқары жерде достығы жоқ ел мен халықты онымен доспыз деп өз халқыңа өтірікті насихат жасау – халқыңды қате түсінікке, бұрыс жолға, тіпті қате жолға жетелейді. Халқымыздың сыртқы және ішке кірген жаудан сақтану қабілетін жояды. Рухани иммунитетін әлсіретеді. Сақтықтың болмауы, қырағылық таныта алмайтын қабілетсіздіктің ақыры алыс-жақын болашақта өз халқымыздың қасіретіне айналып кетуі де мүмкін. Оның мысалы да жоқ емес. Күйеуі мен балалары Қазақстан азаматы болғанмен өзінің паспортын Шыңжаң жергілікті билік тарапынан тартып алынып, бір өзі арғы бетте жіпсіз байланып, отбасынан бөлініп, ана жүрегіне аяздай батып, қысым көріп, ақыры басқа амалы қалмағандықтан жан сауғалап, Қазақстанды пана көріп (саяси баспана сұрай) қашып келген Сайрангүл Сауытбай қызы туралы мән-жайды анықтамай жатып, бір рет те сот болмай жатып Қытайға ұстап беруге асыққандардан, жанталасқандардан қандай үміт күтуге болады? Олардан қандай ұлттық сана, мүде, өре көріп тұрсың?

«Тістейтін ат тісін көрсетпейді» дейді Ы.Алтынсарин. Сондықтан, мейлі қайсы ел, қайсы ұлт болса да доспыз деген тек сөзіне сеніп қалмай, дос не жау екендігін - оның нақтылы іс-әрекеттерін, достықтың алғы шарттары мен мән-мағынасын шын достықтың өлшемі ете отырып бағалай білуіміз қажет.

3) Өз білімі мен күшіне сенімсіз, мүде (әр ел, әр халық өз мүдесін күйттейді. Еш бір ел, еш бір ұлт өз мүдесін қайырып қойып, екінші бір ел немесе ұлттың мүдесі үшін еңбектенбейді, күреспейді), қайшылық туралы түсінікті былай қойып түйсігі де жоқ, тым қорқақ адам әр дайым өз қара басының амандығын сақтауды ойластырып жүреді. Сол үшін қорқақ адамдар қас жауын да ерікті немесе еріксіз түрде «дос» деп аузынан тастамай айтуға бар. Ойлайды, мақтай берсем, құлағына жағымды сөздерді айта берсем – ол (қарсыласы немесе жауы) өз мүдесін ұмытып, менің мүдемді ойлап, шапағатын маған төгіп аман қаламын деп. Сонда оның (басқа елдің, мысалы Қытайдың, т.б.) алға қойған негізгі мақсаты менен немесе сізден мақтау немесе жылы сөз есту үшін бе? Онда оның (басқа ел, басқа ұлттың) көздеп отырған өз мүделері, мақсаттары қайда қалды?

4) Жаудың жұмсақ күшінің арбауына алданып, көзге көрінбейтін тұзағына түсіп, жауды дос деп санап оның сөзін сөйлеп, мүдесін қорғағандар «достық» сөзін жиі қолдануға құмар келеді. Қытай халқында «Жаттың асын ішкендердің жатқа аузы батпайды. Жаудың асын ішкендердің жауға қолы батпайды» деген мағынада мақалы бар. Сондықтан, мейлі еліміздің билік басында жүрген шенділер болсын, мейлі қоғамдық ұйымның басшылары болсын, мейлі еліміздің кез-келген журналисті мен қарапайым азаматтары болсын өзге ел, өзге елдің халықтарымен қарым-қатынас жасағанда аса сақтық, ақылдылық, білімділік танытқаны дұрыс. Сондай-ақ, өзге ел сондағы өз қандастарымызға, өзге де басқа ұлттарға қандай саясат жүргізіп, қандай мәміле жасап жатқаны сол елдің мақсат, мүдесінің не екендігінен дерек береді. Мысалы, Қытайдағы қандастардың қазіргі кезде қандай қиын саяси жағдайды бастан кешіп жатқанын естіп, көріп жатқан болармыз. Тіпті неше түрлі саяси тәсілдер, ,әдіс-амалдар ойлап тауып Қазақстан азаматтығын алып, елімізде жүрген этникалық Қазақтарға әсіресе оқушы, студенттерді алдап-арбап, үркітіп-қорқытып  Қытайға кері шақырып паспортын жинап алып Қазақстанға жібермей бірсыпырасын саяси тәрбиелеу лагеріне қамап тастаған. Өз елінің ішіндегі Қазақтарға жасап жатқанды, ертең еліміздегі Қазақтарға жасамасына кім кепіл. Сондықтан, дос пен жаудың ара жігін олардың іс-әрекетіне, достықтың алғы шартын орындау-орындамауына, көздеген мақсат-мүдесіне қарай отырып ажырата білуіміз керек.

Жоғары да аталған төрт түрлі адамдар халқымыздың кімнің (қай елдің, қай ұлттың) дос, кімнің қарсылас, кімнің екі беткей, кімнің жау екенін айыру, жыға тану қабілетін әлсіретіп, халықтың дұрыс, ғылыми түсінік қалыптастыруын шатастырады. Осылайша халықтың жау мен досты ерте тану, жаудың құрған тұзағын ерте байқау, ерте сақтану, ерте қорғану әрекетіне кедергі келтіріп, бөгет болады. Екінші сөзбен айтқанда саналы немесе санасыз халде жауға пайдалы іс істеп, жауға үшін қызмет жасап жүргенін өзі не білер не білмес.

Жау алқымнан қысып қылқындырып тыныс тарылғанда әрең түсініп өлім алдында жанталасқаннан  не пайда. Медицинада да денсаулықты қорғаудың және қалпына келтірудің басты қағидасы «Аурудың алдын алу және ерте диагнозын айырып, ерте емдеу». Сондықтан, дос пен жауды ерте, алыстан ажырата білуге мәжбүр екенімізді түсінуге тиіспіз. Кімнің дос, кімнің жау екенін ажырата білу, тани білу – жауыңмен аткекілін кесу немесе соғысу деген сөз емес. Қайта олармен болған қарым-қатынаста сақтық пен сұңғылалық таныта білейік, егемен елдің негізгі мақсатын ұмытып қалмай өз еліміз бен ұлтымыздың мүдесін сауатты түрде қорғай білуді ерте қолға ала білейік дегенім.  

Қосымша

;feature=youtu.be

Бір ананың айтқан аудио пікірі

Кенжебек Құдысұлы

Abai.kz

13 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1219
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1113
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 848
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 994