Сенбі, 18 Мамыр 2024
3315 8 пікір 25 Мамыр, 2018 сағат 10:02

Трамп пен Ким Чен Ынмен кездеспейтін болды

АҚШ президенті Дональд Трамп 12 маусымда Сингапурде жоспарланған Солтүстік Корея лидері Ким Чен Ынмен кездесуге бармайтынын мәлімдеді. Ол мұны Ким Чен Ынға жолдаған хатында айтқан. Хат мәтінін Ақ үй әкімшілігі жариялады.

Посмотреть изображение в Твиттере

Хатта Солтүстік Корея тарапынан жасалған соңғы "ыза мен ашық өшпенділікке негізделген" мәлімдеме қазіргі кезде ұзақ күттірген кездесуді орынсыз етеді делінген.

"Хатта Сингапур саммиті болмайтынын хабарлаймын. Бұл екі елдің игілігі үшін, бірақ әлемге зияны тиіп отыр", - деп атап өтеді АҚШ президенті.

Ким Чен Ынға қарата айтқан сөзінде Трамп Солтүстік Кореяның ядролық мүмкіндіктері жайында "Американың мүмкіндігі одан да зор, күшті, бірақ мен бұл мүмкіндіктердің ешқашан қолданылмағанын Құдайдан тілеймін" дейді.

АҚШ президенті алдағы уақытта бұл саммиттің әйтеуір бір өтетінін жоққа шығармайды.

"Егер сіз жоғары деңгейдегі маңызды кездесуге қатысты пікіріңіз бен көзқарасыңызды өзгертетін болсаңыз, күмән білдірмей маған хабарласыңыз немесе хат жазыңыз", – дейді Трамп.

Abai.kz

8 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2137
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2546
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2309
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1650