Жексенбі, 28 Сәуір 2024
Дабыл 2614 0 пікір 10 Мамыр, 2018 сағат 21:01

Қазақстандағы мұнай өндірісінің 25%-ы қытайлық компаниялар үлесінде

2017 жылы Қытайдың 30 мыңнан астам адам Қазақстанның азаматтығын алды, деп хабарлады ҚР Парламенті Мәжілісіндегі үкіметтік жиын аясында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің көші-қон жөніндегі комитетінің төрағасы Сабыржан Сейітжанов.

Оның айтуынша, бұл адамдар халықаралық конвенциялардың негізінде Қазақстан азаматтығына қол жеткізген.

«Олардың 25 мыңнан астамы оңайлатылған тәртіппен Қытайдың барлық азаматтары (Қазақстан Республикасының азаматтығы — автор) барлық оралман мәртебесін алған этникалық қазақтар» дейді.

Үкімет сағатында Мәжіліс спикері Владимир Божко 2017 жылы 49 ауған азаматы Қазақстанға келмей, оралман мәртебесін алуға тырысқандығын жеткізді.

Журналистер тарапынан қойылған сириялықтардың Қазақстанға келіп, босқын мәртебесін алуға немесе азаматтығына ие болуға тырысқаны жайлы сауал қойылғанда,  комиссияның басшысы таңданып:   — Мұндай адамдар жоқ, — деп жауап берді.

Сондай-ақ, Мұрат Қабденов Оңтүстік Қазақстан облысы Ішкі істер департаментінің көші-қон қызметі бөлімінің бастығы Нұрдәулет Төлегенұлының ұсталғаны туралы да түсініктеме берді.

Еске сала кетейік, 10 сәуірде Нұрдәулет Төлегенұлы 3,5 мың доллар (шынайы ақша) және 30 мың доллар (манекен түрінде) пара алу кезінде ұсталған болатын. Бұл ақшаны Нұрдәулет Төлегенұлы Ауғанстанның төрт азаматына Қазақстанның азаматтығын алуға көмек беру мақсатында алған.

Тақырыпқа тұздық ретінде мына бір деректерді де бөліскенді жөн көрдік. Біле жүріңіз!

• Қазақстандағы мұнай өндірісінің 25%-ы қытайлық компаниялар үлесінде.

• Қытай мұнай компаниялары Қазақстанға осыдан 16 жыл бұрын кірген. Нақты айтқанда, 1997 жылы қыркүйек айында Қытайдың ұлттық мұнай-газ корпорациясы - CNPC (China National Petroleum Corporation) «Ақтөбемұнайгаз» АҚ-ның 60% акциясын сатып алудан бастаған. Қытайдың ұлттық мұнай-газ корпорациясының 100% каптиалы мемлекетке тиесілі екенін ескерсек, компания ҚХР-ның меншігі. Қазақстан мұнайын игеруді осылайша бастаған Қытай компаниялары өз позицияларын жыл өткен сайын күшейте түскен. Мәселен, CNPC 2001 жылы «Buzachi Operating Ltd» компаниясының 50% акциясын сатып алса,  2006 жылы «PetroKazakhstan» компаниясының да 50% акциясын алған. Сөйтіп, Ақтөбе облысында өндірілетін мұнайдың 97% Қытайдың ұлттық мұнай-газ корпорациясына қарасты компаниялардың үлесінде болып шыға келген. Бұл 9 жыл ішіндегі бір ғана облыстағы мұнай нарығындағы көрініс. Еліміздің басқа да мұнайлы облыстарында Қытай компаниялары жұмыс істейді.

• Қытайлық компаниялардың «Батыс Қытай-Батыс Еуропа» автодәлізі, «Қазақстан темір жолына» құятын 600 миллион доллар инвестициясы бар.

• Қытай өнеркәсіп, инфрақұрылым, ауыл шаруашылығы, туризм және басқа салаларға қызығушылық танытуда. Қос мемлекеттің басшылары 45 жоба бойынша бірігіп жұмыс істеуге келіскен.

• Қытайлар Қазақстанға 2008 жылы, екі ел арасындағы ынтымақтастық енді күшейе бастағанда ағылып келе бастапты. Ал 2012 жылы ресейлік профессор А. Маслов «Таяу жылдары Қазақстанға 5 млн қытай қоныстануы мүмкін» деген болжам айтқан.

• 2014-2015 жылы қытайлық «Хуанцю Шибао» ресми басылымы «Қазақстанда 400 мың этникалық қытай өмір сүріп жатыр» деген.

• 2015-2016 жылдың өзінде елімізге заңды түрде келген қытай жұмысшыларының саны 100 пайызға артқан. Бір жылдың өзінде 11 860 қытай азаматына Қазақстанда жұмыс істеуге рұқсат берілген. Жалпы алғанда, Қазақстандағы еңбек мигранттарының 38 пайызы – қытайлар.

• Еліміздегі қытайлар қазақтардан 5 есе көп жалақы алады.

• 1991 жылдан 2016 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңде 261 мың 104 отбасы немесе 957 мың 772 этникалық қазақ тарихи Отанына қайта оралып, оралман мәртебесін алды.

• 2016 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша, Қазақстанға  – 11 713 қытайлық келген.

Соңғы кезде ел ішінде антиқытайлық көзқарас қалыптасты. Ілгеріде ақсақалдар "Қарақытай қаптаса, мүрдеңді қазып жейді" деуші еді. Өткен жылғы Жер дауынан кейін қытайлардың топ-тобымен Қазақстанға келуі жиілеп кетті. Бұл туралы ертеректе жазған ек. Біз көрген тобыр қытайдың дені турист екен.

Қазір Қазақстанда қанша қытай азаматы бар? Қазақ-қытай қарым-қатынастары қай деңгейде? Біз жауап іздеп көрдік.

Ескерту! Мұндағы біз көрсетіп отырған деректер  ашық интернет ресурстарынан алынып отыр.
Abai.kz

0 пікір