Дүйсенбі, 29 Сәуір 2024
3679 66 пікір 24 Мамыр, 2018 сағат 09:27

Президент Назарбаев Қырымбек Көшербаевтың өкілеттігін ұзартты

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаевтың өкілеттігін ұзартты, - деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Елеуұлы Көшербаевтың өкілеттігі зейнеткерлік жасқа толған күннен бастап 2021 жылғы 20 мамырды қоса алғандағы мерзімге дейін ұзартылды", - делінген Ақорданың хабарламасында.

Abai.kz

66 пікір