Дүйсенбі, 6 Мамыр 2024
Біртуар 3579 6 пікір 20 Мамыр, 2018 сағат 14:02

Қазақ қызы Канн кинофестивалінде үздік актриса атанды

Ол ресейлік режиссер Сергей Дворцевойдың «Айка» атты картинасында басты рөлді сомдаған.

Жеңіске қол жеткізген Самал Еслямова режиссерге алғысын айтты. "Сергей, саған көп рақмет. Бұл зор құрмет", - деді ол.

"Айка" әлеуметтік драмасы Қырғызстаннан келген қыз жайында өрбіген. Ол Мәскеуде босанып, баласын перзентханада тастауға мәжбүр болады, картинада сол қыздың аналық сезімі мен қайғы-мұңы суреттеледі.

Фильм бес компанияның қолдауымен түсірілген: "Кинодвор" атты Сергей Дворцевойдың студиясы, сонымен қатар, Германияның, Польшаның, Қытайдың, Қазақстанның компаниялары.

Бұған дейін Cамал Еслямова «Тюльпан» фильмінде басты рөлді сомдаған. Бұл туынды 2008 жылы Каннда «Ерекше көзқарас» конкурсының бас жүлдесін, жас әділқазылардың жүлдесін, сонымен қатар Францияның білім министрлігінің жүлдесін жеңіп алған болатын.

Abai.kz

6 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1470
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1329
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1080
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1125