Дүйсенбі, 13 Мамыр 2024
Айбын 4920 16 пікір 7 Мамыр, 2018 сағат 11:33

Отан қорғаушылар күніне арналған жауынгерлік шеру Отарда өтіп жатыр

Бүгін Қазақстаның Отан қорғаушылар күніне арналған жауынгерлік шеру өтіп жатыр, деп хабарлайды "Абай-ақпарат".

Биылғы жауынгерлік шеру жылдағыдай Астанада емес, Жамбыл облысындағы "Отар" 40-әскери базасында өтуде.

Шеруге 3 мыңға жуық әскери қызметші, 300 бірлік қару-жарақ пен әскери техника және шамамен 40 бірлік ұшу аппараты қатысады. Салтанатты шараға Қазақстан Республикасының Президенті, қарулы күштердің жоғарғы Бас қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев қатысуда.

Сондай-ақ, полигонда барлық облыстың және Астана мен Алматының әкімі бар. Сценарий бойынша, парад екі бөлімнен тұрады, бірінші бөлімде әкімдерге аумақтық қорғаныс бригадаларының жауынгерлік туы табыс етіледі. Ту табыс етілген соң, дәстүр бойынша, қонақтар мен көрермендер алдында салтанатты маршпен 19 жаяу шеру тобы жүріп өтеді, олардың қатарында ҚР ҚК Арнайы операциялар күштерінің, сонымен қатар, аумақтық әскер қызметкерлері бар.

Екінші бөлімде қару-жарақтар мен әскери техникалардың қатысуымен барлау-әскери бөлімшелері шынайы тактикалық әрекеттерді көрсетеді. Әскери шерудің соңында "Жетісу" ұшқыштық тобы ең жоғары пилотаж фигураларын орындайды.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін 7 мәрте әскери шару ұйымдастырылған. Олар:

2005 жылы жеңістің 60-жылдығының құрметіне әскери шеру өткізілді. Оған 3 мың әскери қызметкер, 130 әскери техника жұмылдырылды. Бұл шараға 934 мың доллар жұмсалды.

2009 жылы өткізілген үшінші шеру Қазақстан Конституциясының 14 жылдығына арналды. Мұнда қалың көпшілік 120 әскери техниканың мүмкіндігі мен қабілетіне куә болды. Әскери шеруге мемлекет басшысы, жоғарғы бас қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев қатысты. Ал шеруге қорғаныс вице-министрі, генерал-майор Нұрлан Жоламанов басшылық етті.

2011 жылғы төртінші шеру ел тәуелсіздігінің 20 жылдығын әспеттеді. «Қазақ елі» монументі алдында өткен шеруді алғаш рет ел президенті-ҚР Қарулы Күштерінің жоғарғы бас қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев өзі қабылдады. Бұл шеру әскери қызметкерлердің тұңғыш рет жаңа әскери киім үлгісін киіп шығуымен, бұрын-соңды көрсетілмеген жаңа әскери техниканың паш етілуімен және шеруге мергендер жасағының, құрлық әскерлері таулы-атқыштар бригада­сы­ның сонымен қатар әйел әскери қызметшілердің қатысуымен есте қалды.

2013 жылы Жамбыл облысындағы «Отар» 40-шы әскери базасында өткен жауынгерлік шеру бесінші шеру болып тіркелді. Ол осыған дейінгі және кейінгі шерулерден ерекше болды. Себебі бұған дейінгі және кейінгі шерулердің  барлығы мерекелік даталарға орайластырылса, бұл шеру жауынгерлердің өздеріне арналды.

2014 жылғы алтыншы әскери шеру де «Қазақ елі» монументінің алдында өтті. Шерудің салтанатты маршының жаяу легіне 2 мыңға жуық әскери қызметші, 2500 әскери, 70 авиациялық техника қатысты.

2015 жылы ұйымдастырылған жетінші шеру жеңістің 70 жылдығына арналды. Ол бұған дейінгі шерулерден ауқымдылығымен және мазмұнымен дараланды. Шеру тарихи және заманауи бөлімдерден тұрды. Тарихи бөлімге 1941-1945 жыл­дар­дағы соғыс техникасының 36 түрі қаты­сса, заманауи бөлімде Қазақ­стан армиясының қолданыстағы қару-жарағы мен әскери техникасы көрсетілді.

2017 жылы ҚР Қарулы Күштерінің 25 жылдығына арналып өткізілген сегізінші әскери шеруге 5 мыңға жуық әскери қызметші, 300-ге жуық әскери техника және әскери авиацияның 80 ұшағы мен тікұшағы қатысты. Бұл ел тарихындағы ең ірі шеру болды.

Abai.kz

16 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1957
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2254
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1854
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1548