Дүйсенбі, 6 Мамыр 2024
4203 1 пікір 4 Мамыр, 2018 сағат 08:54

Ресейліктердің АҚШ-тан саяси баспана сұрауы рекордтық көрсеткішке жетті

2017 жылы үш мыңға тарта ресейлік АҚШ-тан саяси баспана сұраған. Бұл соңғы 24 жылда рекордтық көрсеткішке жетіп, 39 пайызға өскен.

"Настоящее Время" телеканалы АҚШ-тың ішкі қауіпсіздік министрлігінен ресми жауап алды.

Ресми ақпаратқа сәйкес, алдыңғы рекорд 1994 жылы болған, онда 2 127 ресейлік АҚШ-тан баспана сұрап өтініш жазған. Бұл тек бірінші рет өтініш бергендер жайында көрсеткіш.

АҚШ-тан саяси баспана сұраған ресейлік азаматтар саны бесінші жыл қатарынан өсіп келеді. Өсім Путин 2012 жылы үшінші рет қатарынан президент болып сайланған кезде басталған. 2016 жылы 1 912 ресейлік саяси баспана сұраған. Бұл 2015 жылмен салыстырғанда 31 пайызға көп.

Бірақ бұл ақпаратқа қатысты Ресей президенті Владимир Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков "Қазір жалған ақпарат өте көп, абай болу керек" деп жауап берген.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1562
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1445
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1191
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1183