Жексенбі, 5 Мамыр 2024
3220 0 пікір 4 Мамыр, 2018 сағат 08:50

Иран Түркіменстанға газ тасымалдау бойынша жаңа жоба ұсынып жатыр

Оңнан солға қарай: Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов, Ауғанстан президенті Ашраф Ғани, Пәкістан премьер-министрі Наваз Шариф және Үндістан вице-президенті Хамид Ансари ТАПҮ жобасының тұсауын кесіп жатыр. 2015 жыл, 13 желтоқсан.

 

Иранның мұнай министрінің орынбасары Ашхабад Түркіменстан - Ауғанстан - Пәкістан - Үндістан (ТАПҮ) газ құбыры жобасына инвестиция табатынына күмәнмен қарайды. Ол Тегеран Түркіменстанға балама жоба ұсынады деді.

Иранның Ұлттық мұнай компаниясының басшысы Хамидреза Араки 29 сәуірде Иран түркімен газының Пәкістанға тасымалдануына қатысты жоба бойынша келіссөз жүргізуге дайынбыз деп мәлімдеген.

Қазіргі кезде Түркіменстан 90-жылдар басындағыдай ауыр экономикалық дағдарысты бастан өткеріп жатыр. Түркіменстан үкіметі негізгі экспорт - табиғи газды шетелге шығарудың жолдарын іздеп жатыр.

Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов Түркіменстан - Ауғанстан - Пәкістан - Үндістан (ТАПҮ) газ құбыры жобасы елді экономикалық тығырықтан шығарады деп үміттеніп отыр.

Бірақ көптеген инвесторларды ТАПҮ жобасының Ауғанстан бөлігі қорқытып отыр. Сол себептен де бұл жобаға шетелдік инвесторлар 10 млрд АҚШ долларын құюға тәуекел етпей отыр.

Иран өкілі Араки «Шын мәнінде TАПҮ жобасын 10 жылдан кейін салуды ойлауға болады. Ал қазір біз қысқа мерзімде төмен бағамен балама жоба ұсынамыз», - деген.

Түркіменстан қазіргі уақытта тек ғана Қытайға жылына 30 млрд текше метр газ экспорттайды. Бірақ одан түскен қаражаттың негізгі бөлігі Бейжіңнің Ашхабадқа берген миллиардтаған доллар несиесін жабуға кетіп жатыр. Бұл несие Түркіменстаннан Қытайға газ құбырын салуға алынған.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1399
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1232
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 988
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1064